Елордалық ардагерлердің алдында би ұжымдары, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әскери кафедрасының хоры, халықаралық байқаулардың лауреаты және Қазақстанның еңбек сіңірген домбырашысы Айбек Бекбосын өнер көрсетті.
«Жеңіс күні ең құрметті мерекелердің бірі. Біз ата-бабалар ерлігінің алдында бас иеміз, және Жеңіс үшін жау оғына ұшқандарды мәңгі есте сақтаймыз. Соғыс батырларының саны жыл санап азайып келеді. Сол себепті ардагерлерімізді ұмытпай, балаларымызды отансүйгіштікке тәрбиелеу басты міндетіміз», – дейді шараға қатысушылар.