Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов ИЫҰ Атқарушы комитетінің Сомалиге қатысты төтенше отырысында сөз сөйледі.
Біз Түркия Сыртқы істер министрі Жоғары Мәртебелі Ахмет Дәуітоғлуға және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысы Екмелледин Ихсаноғлу мырзаға бүгінгі күні маңыздылығы аса жоғары ИЫҰ Атқарушы комитетінің Сомалидегі мәселеге қатысты Төтенше отырысын Ыстамбұлда ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Түркия Премьер-министрі Жоғары мәртебелі Реджеп Тайып Эрдоғанның осы жиналысқа қатысуы және оның Сомали мәселесінде көрсетіп отырған қолдауы Ислам тілектестігінің айқын үлгісі деп атауға болады. Біз, Сомалидің президенті Жоғары мәртебелі Шейх Шариф Ахмед мырзаның осы кездесуімізге қатысып және өзінің еліндегі ахуал бойынша жеке өзінің бағалар бергеніне ризашылығымызды білдіреміз, деді өз сөзінде Е.Қазыханов.
Африка мүйісіндегі бірқатар аумақтарда ең ауыр қуаңшылықтың салдарынан барша Шығыс Африка аумағындағы елдерде азық-түлік тапшылығы орын алуда. «60 жылдың ішіндегі ең ауыры» болып есептелетін бұл қуаңшылық Сомалиде, Эфиопияда және Кенияда кеңінен етек жайып, БҰҰ мәлімдеуінше, 12 млн.-нан астам халықтың тіршілігіне қауіп төндіруде. Африка мүйісі маңайындағы және ондағы елдер, соның ішінде Джибути, Судан, Оңтүстік Судан елдері және Уганданың бірқатар бөлігі, азық-түлік тапшылығына ұшырап отыр.
Бірақ та ең күрделі жағдай Сомалиде орын алып, оның оңтүстігіндегі 2.8 млн. халқы бар бір бөлігінде дағдарыс ең қатты әсер етуде. Келесі айларда дағдарыс қиындай түседі деп күтілуде, оның ең шарықтау шегі тамыз бен қыркүйек айларына келеді. Кең ауқымды көмек көрсету кем дегенде 2011 жылдың желтоқсан айына дейін жалғасуы қажет.
Соңғы 20 жылда бұл «көзге көрінбейтін» әлем картасындағы ыстық нүкте болып саналып келді. Ұйым осы халықты аман алып қалу біздің жауапкершілігіміз деп біледі, деді өз сөзінде Е.Қазыханов. Жақында Астанада өткен ИЫҰ министрлері кездесуі барысында Сомалидегі жағдайға қатысты шешімді табу мен осы елге арналған Сенім қорын құру туралы ИЫҰ екі дербес қарар қабылдады.
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев мүше мемлекеттерге ИЫҰ азық-түлік қауіпсіздігі бойынша қауырт көмек көрсету мен қуаңшылыққа қарсы ұзақ мерзімді қор құруды ұсынған болатын. Біздің еліміз барлық жан-жүрегімен Бас хатшының Сомалидегі ашаршылыққа ұшырап жатқан халыққа көмек көрсету үшін қасиетті Рамазан айында жеке тұлғалық жәрдем жинау мақсатында кең қоғамдық ауқымда атсалысу жөніндегі ұсынысын үлкен ықыласпен қолдады. Мұны Ислам тілектестігінің ізгі көрінісі деуге болады.
Бүгінгі күнде ИЫҰ – Сомалиге гуманитарлық көмекті толықтай жеткізуге мүмкіншілігі бар жалғыз халықаралық ұйым. Оппозициялық жасақ топтардың іс-әрекет етуге тыйым салуына орай БҰҰ агенттіктері мен Батыс қайырымдылық қорлары елдің көпшілік аумақтарында жұмыс істеуге мүмкіншіліктері болмай отыр. Сондықтан біздің кездесуіміздің мақсаты мүше мемлекеттердің іске асырылып отырған гуманитарлық операцияға іс жүзінде көмек көрсетуге ынталандыру болды, деді өз сөзінде Е.Қазыханов.
Іскерлі түрде, іс-қимылдарға бағытталған және кездесудің нәтижесі бойынша бірқатар елдердің тараптарынан нақты үлес қосуға өзіне міндет алған бұл шараны ризашылықпен атап өткім келеді.
ИЫҰ келесі басымды бағыттарды: азық-түлік қауіпсіздігін, денсаулық сақтау, ауыз сумен қамтамасыз етуді және экономикалық қайта құруды қамтитын арнайы бағдарлама дайындады. Қатысушылар гуманитарлық аспектілермен бірге Сомалидегі болашақ саяси тұрақтылықты орнықтыру және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ИЫҰ іске асыра алатын әдіс жолдарын талқылады. Кездесудің нәтижесі бойынша осы елдің берекелі болашағын құру жөніндегі біздің міндеттемелерімізді айқындайтын қорытынды коммюнике қабылданды.
Осы іс-әрекеттердің екінші жалғасы ретінде ИЫҰ Бас хатшысы ұсынған ислам елдеріндегі мемлекеттік емес қайырымдылық құрылымдар мен қорлардың Сомалидегі іс-әрекеттерін үйлестіруге арналған Ізгілік көмек көрсету коалициясын құру жөніндегі сәтті бастамасын атап өтуге рұқсат етіңіздер. Коалицияның бірінші кездесуі Ыстамбұл қаласында 28 шілдеде ИЫҰ аясында өтті, деді осы орайда Е.Қазыханов сөзін аяқтай келе, ол ИЫҰ СІМК төрағасы ретінде, Қазақстанның Сомалимен бірге тілектестігіміздің көрсететін ортақ күш-жігерімізде басқосуға мүмкіншілік берген осы маңызды кездесуді уақтылы ұйымдастырғаны үшін Түркия үкіметіне жоғары баға бере отырып, жеке түрде Жоғары мәртебелі Реджеп Тайып Эрдоғанға және Ахмет Дәуітоғлу мырзаға ризашылығымды білдіремін, деді.
Сонымен бірге, осы орайлы сәтті пайдалана отырып, ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтеріне, мемлекеттік емес ұйымдарына Сомалидегі қуаңшылыққа ұшырағандарға нақты көмек көрсеткендері үшін үлкен алғысын білдірді.