Бүгінгі таңда еліміздің алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі – жұмыссыздық. Елімізде жұмыссыз адамдар саны 2008 жылы 559 мың болса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 6,9-5,5 пайызға көтерілді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, елімізде өзін өзі жұмыспен қамтығандар 16,5 пайызды құрап отыр. Жасыратыны жоқ, бұл көрсеткіштің көбі тапқандары өздерінен артылмайтын ауыл тұрғындары мен зейнеткерлер. Ал, елімізде өзін өзі жұмыспен қамти алмай отырғандардың саны да едәуір. Халқымыздың әлеуеті жақсармай, жұмыссыздардың саны да азаймай еліміз алға қарай қарыштап дами алмайтыны, экономикамыздың көтерілмейтіні белгілі. Елімізде күннен-күнге көбейіп келе жатқан жұмыссыздар санын қалайша азайтуға болады? Міне, осындай сауалдарға жауап іздеп, түйткілді түйіндерді шешетін жаңа бағдарлама өмірге келіп, өз жұмысын бастап та кетті.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек рыногының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту міндеттерін жүктеген болатын. Осы тұрғыда, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Үкімет қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Елбасының тікелей тапсырмасымен маңызды құжатта жүктелген міндеттер негізінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы қабылданған болатын. Үкімет басшысы К.Мәсімов: «Осы бағдарлама арқылы халықты лайықты еңбек орнымен қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі. Осы арқылы адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шартын құру, қоғамдық байлықты арттыру мен өмір сүру сапасын жақсартуға тиіспіз», – деп атап көрсеткен еді. Аталмыш стратегиялық бағдарлама алдағы он жылдың ішінде бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылмақ.
Негізінен ағымдағы жыл – үш бағытты, үш кезеңді қамтитын стратегиялық бағдарламаны жүзеге асырудың ілкі жылы ретінде қарастырылып отыр. Яғни, бағдарламаны іске асырудың тетіктері атқарылып, оның құқықтық қамтамасыз етілуі қарастырылады. Осы мақсатқа бюджеттен 40 млрд. теңге жұмсалмақ. Ал алдағы жылдарға шамамен 100 млрд. теңге қарастырылады. Екінші кезеңі 2012-2015 жылдары, ал үшінші кезеңі 2016-2020 жылдары іске асырылады.
Бағдарламаның аталмыш үш бағытына тоқталсақ, бірінші бағыт – еңбек рыногындағы өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды, жұмыссыздарды, аз қамтылған отбасылар мүшелерін оқыту, оларды жұмыспен қамтыса, екінші бағытта кәсіпкерліктің ауылдық жерде дамуына жәрдемдесу жүзеге асырылады. Ал, үшінші бағыт еңбек ресурстарының жинақылығын арттыруды көздейді.
Бағдарламаның бірінші бағытына сәйкес, алдымен жергілікті әкімдіктер деңгейінде әлеуетті қатысушылар анықталатын болады. Сосын олармен әлеуметтік келісім-шарт жасалады, онда азаматтың қай бағытты игеру мүмкіндігі, ебі сараланып, одан соң сол адаммен консультация жасалып, оқу ұсынылады. Шәкіртақы мен жол жүруге қажетті шығындар қарастырылады. Ең соңында келісім-шарттың міндетті шарты ретінде әлгі азамат жұмысқа орналасады. Бұдан кейін, белгілі бір кезеңге дейін жұмыс берушімен қосымша қаржыландыру туралы шарт жасалады.
Бағдарламаның мақсаты – өзін өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және әлеуметтік жағынан аз қамтылған халықты табысты экономикалық еңбекке тарту, индустрияландыру бағдарламасын іске асыру жолында кадрлық әлеуетті арттыру. Бағдарлама бірінші кезекте тұрғылықты жері бойынша дайындықтан өткізуге, еңбекпен қамтуға, сондай-ақ азаматтың жеке ісін ұйымдастыруға қолдау көрсетуге арналған.
Мұнымен қоса, бағдарламаның екінші бағытында негізгі басымдық жеке өз ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға арналмақ. Осы орайда кеңес беру қызметтері, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, шағын несиелер беру, инфрақұрылымды дамыту секілді қолдау түрлері қамтылмақ.
Ауылдағы кәсіпкерлікті қолдауды көздейтін шағын несиелер қайтарымды негізде 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі және оның көлемі 3 млн. теңгеден аспайды.
Сонымен, аталған жаңа стратегиялық бағдарлама елімізде жұмыссыздықты азайтудың тиімді тетігіне айналғалы отыр.
Есен БАЕВ.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 20:05
Қостанайда полицейлер мен қамаудағылар мінген автозак аударылды
Қоғам • Бүгін, 19:54
Түркістан облысында пойыз апаты болды: зардап шеккендер бар
Қоғам • Бүгін, 19:41
Щучинскідегі дәмханадағы газ жарылысына қатысты тергеу аяқталды
Қоғам • Бүгін, 19:20
Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:56
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:34
Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33
Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46
Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:25