Отырысқа қатысушылар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VІ съезінің өткізілетін күнін белгілейді, сондай-ақ, осы форумға дайындық барысы туралы мәселелерді қарайтын болады. Шараның күн тәртібіне Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі басымдықтарының тұсаукесері де енгізілді.
Мәдени бағдарлама шеңберінде әлемдік ірі дін конфессияларының өкілдері ЭКСПО-2017 халықаралық көрме павильондарын аралайды және Ұлттық мұражайға экскурсия жасайтын болады.
Бұл шараға ислам, христиан, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм, индуизм, сондай-ақ, бірқатар халықаралық ұйымдардың басшылары, оның ішінде, БҰҰ Өркениеттер альянсының директоры Метью Ходс, Дүниежүзілік бейбітшілік хабаршысы кеңесінің бас хатшысы Пичаи Товивич, Біріккен Араб Әмірліктері толеранттылық мәселелері жөніндегі министрінің кеңесшісі Рашид әл-Тунайджи және басқалар қатысатын болады.