16 Наурыз, 2017

Жекешелендіру жеделдетіледі

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы 2017 жылғы 31 қаңтарда өзінің Қазақ­стан халқына арнаған Жолдауында 2016-2020 жыл­дарға арналған жекешелендірудің кешен­ді жоспарында айқындалған кәсіпорын­дарды жекешелендіруді жылдамдатуды және оны 2018 жылдың аяғына дейін аяқтауды тапсырды. Сәтті жекешелендірудің негізгі шарттарының бірі жекешелендіру үрдістерінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету болып табылады. Осы бағытта министрлік объектілер туралы барлық ақпаратты, сатудың бірыңғай ережелері көрсетілген «бір терезе» қағидаты бойынша жекешелендірудің «екінші толқынының» барлық объектілері бойынша барлық қолданушыларға ыңғайлы бірыңғай ақпараттық деректер базасын (на privatization.gosreestr.kz) құрды. Осылайша, электронды сауда-саттық жүргі­зіл­генде сыбайлас жемқорлық жағдай­ларын жоюға мүмкіндік беретін сатушы мен сауда-сат­тыққа қатысушының жеке байланысы мүлдем жойылды. Жекешелендіру қарқынын күшейту үшін оның барынша ауқымды көлемін 2017 жылы жүзеге асыру арқылы объектілерді сауда-сат­тық­қа шығару мерзімдері қайта қаралатын болады. Объектінің саудалануын жүзеге асыру мони­торингісін әр кезеңде қамтамасыз ету үшін on-line түрінде мониторингтің электронды жүйесі енгізілетін болады. Осы әдістімелерді жүзеге асыру жеке меншік сектордың бәсекелестікке қабілеттілігін арт­тыруға және дамытуға қосымша жағдайлар құруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Берік Шолпанқұлов, Қаржы вице-министрі