Кездесу барысында арнайы уәкіл Мавритания басшысына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар бойынша бірінші саммитіне шақыртуын табыс етті. Өз кезегінде шақыртуды үлкен ықыласпен қабыл алған Мавритания басшысы осыжылдың қыркүйегінде Астанаға саммитке қатысу үшін ресми сапармен бару жоспарын растады.
Кездесуде Арнайы уәкіл Мавританияның қазақстандық сыртқы саясат бастамаларына, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысына, Ислам ұйымының азық-түлік қауіпсіздігі белдеуін құруға, сондай-ақ Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуге қатысты көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, Ақылбек Камалдинов Мавританияның халықаралық терроризммен күрестегі және өңірлік тұрақтылықтағы рөлін жоғары бағалады.
Бұдан бөлек, Нуакшоттағы жұмыс сапары аясында ҚР Президентінің Арнайы уәкілі Мавритания Сыртқы істер министрі Исселк Ульд Аxмад Изид Биxпен және ел Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Мустафа Аxмад Дауммен кездесті. Онда мемлекеттер арасындағы әртүрлі салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды. Мавританиядағы ауыл шаруашылығы, балық өнеркәсібі және тау-кен, мұнай өндіру секторы туралы әңгімелер өрбіді.
«Кездесуде халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша тараптар өз ұстанымдарын нақтылады. Бұл ретте Мавритания тарапы сириялық дағдарысты реттеуге бағытталған ресми Астананың дипломатиялық күш-жігеріне қолдау білдіретінін жеткізді. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша А. Камалдинов Мавританияның бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат берді.