Білім • 06 Шілде, 2017

Жаңғыру үдесіндегі жаңа білім

528 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Бүгінгі жер-жаһан күн сайын өзгеріп жатқан тұста сана-сезім мен дүниетанымға сіңген кейбір таптаурын қағидалардан арылу, алға қарай ұмтылу елді де еңселендіре түспек. Өйткені, мемлекет – ең алдымен адами капиталымен мемлекет. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қозғалған қадау-қадау мәселелердің маңызы ай­рықша. «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық не­ме­се жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өз­гелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ға­на емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе са­па­лы еңбек ресурстары болуы мүмкін» деп жазды Президент атал­ған мақаласында.

Жаңғыру үдесіндегі жаңа білім

Елі­мізде жоғары деңгейдегі универ­си­теттер ашылды, зияткерлік мек­тептер жүйесі қалыптасты. Со­ның бірі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ба­с­тамасымен 2010 жылы ұлт­тық білім беру жүйесі мен әлем­дік ғылыми білім берудің озық тә­жі­­рибесін байланыстыра отырып, қазақстандық жоғары бі­лім­нің ұлттық брендін қа­лып­­тас­­тыру мақсатында құрылған Назарбаев университеті бүгінде Еуразия ке­ңістігінің дәл ортасын­да орналасқан ха­лықаралық жоға­ры оқу орнына айналды. 
Халықаралық академиялық стан­­да­рт­тарға сәйкес жұмыс істей­тін жә­не елімізде ең алғаш дербестік пен ака­демиялық еркін­дік қағидаттарын бас­шылыққа алған университет биыл үшін­ші толқын түлектерін шығарып салды. Атап айтқанда, ағымдағы жылы Назарбаев университетін 737 бітіруші жас бакалавриат пен магистратура бойынша, сондай-ақ, 9 түлек докторантура бойынша тәмамдады. Яғни, Назарбаев университетінің алғашқы PhD докторы дәрежесінің иегерлері қанат қағып отыр. Тарихи дип­лом­ға Сәуле Әбілдинова, Гүл­да­на Ахметова, Ләйла Юлдуз, Жанар Жұмабаева, Зәуреш Қа­зыбаева, Мәдина Тынымбаева, Арай Саниязова және Әсел Мұхамеджанова есімді жас­тар ие болды. Бұл – оқу орны үшін айтарлықтай маңызды асу. Себе­бі, докторлар даярлай бас­тау дамудың келесі кезеңіне жа­сал­ған қадам. Аталған үрдіс Назарбаев университетінің то­лы­ғы­мен ғылыми зерттеу ке­шені қалыптасқан жоғары бі­лім орталығына айналғанын дә­лелд­ей­ді. Осы орайда, университет түлектерінің оқу бітіру салта­на­тына Елбасы Нұрсұлтан На­зар­ба­евтың арнайы қатысып, тұң­ғыш докторанттарға диплом­ды өз қо­лымен табыстауы да бе­кер емес. «Біз, Назарбаев уни­­­вер­ситетінің түлектері, осы уа­­қытқа дейін қол жеткізген абы­рой­ды биік ұс­­тау­ға тырыса­мыз. Болашақта На­зарбаев уни­вер­ситеті әлем мойындаған уни­верси­тетке айналып, Сіздің ас­қақ арманыңыз орындалады деп кәміл сенеміз», деп уәде берді тұңғыш докторанттар салтанатты шарада Елбасына.
– Бұл университет біздің Тәу­ел­сіздік жыл­дарында қабылдаған аса маңызды жо­бамыз, деген бо­ла­тын Президент сол жи­ында. Мем­л­е­кет басшысының осы сө­зінен-ақ оқу ордасының тәуелсіз елі­міз­дің білім саласындағы бірегей жоба еке­нін көреміз. 
Елбасы айтқандай, ашыл­ға­нына не­бәрі 7 жыл ғана болған оқу ордасы өзі­міз­дің елде де, бас­­қа елде де аса беделді оқу ор­ны­­на айналды. Осы жылдары қа­зақ­стандық жастарға озық әрі за­манауи білім беру үшін шетел­дердің іргелі оқу орындарының таңдаулы ғалымдары шақырылды. Университет ғаламдық білім беру жүйесімен тиімді интеграция жасауды жолға қойды. Дүниежүзіне Астананың ғылым мен білімнің орт­алығы екенін көрсетудің үл­гісіне айналды. Қазіргі кезде университет студенттерінің са­ны 4 мың­ға жетті. Келешекте олардың саны екі есе­ге артады деп күтілде. Бүгінде мұн­да әлем­нің 55 елінен келген ғалымдар жұ­мыс істейді. Олар сабақ беріп қана қой­май, ғы­лы­ми зерттеулерін жүргізеді. Оқу мен зерттеу тілі – ағылшын. Осы уа­­қытқа дейін әлемдік ғылыми басылым­дарда мың­нан астам ғылыми жұмыс жарық көр­ді. Бұл рет­те рес­­пуб­лика бойынша жо­ға­ры оқу орын­да­рындағы орташа көр­­сеткіш 
4 пайызға тең болса, Назарбаев уни­вер­си­тетінде 11 пай­ызды құрайды. Бұл да уни­верситеттің сапа әлеуетін танытады.
Бұған дейінгі жылдарда түлеп ұш­қан мыңдаған студенттердің жар­тысы әлемнің ең үздік жо­ғары оқу орында­рын­да, атап айт­қанда, Стенфорд уни­вер­си­теті, Массачусетс технология ин­­ституты, Колумбия және Лон­дон эко­номика және саясат ғы­лымдары мек­теп­терінде оқу­ла­рын жалғастырып, алыс құр­лық­тарда тәжірибеден өту­де. Олар­­дың өз білімдерін толық­ты­рып, озық тәжірибені елімізге енгізу үшін оралатынына сенім ар­тылып отыр. Уни­верситет тү­лек­тері қысқа мерзімде еңбек на­рығында өздерінің бәсекеге қа­білетті және сұранысқа ие мамандар екенін дәлелдеді. Бүгінде олар өз таңдаулары бойынша еліміздегі ең ірі ғылыми ме­ке­ме­л­ерде, медициналық компа­ния­ларда және мемлекеттік қыз­­метте жемісті еңбек етіп жүр. Бұл жетістікке бәсекелік ірік­теу жүйесін дамыту мен ме­ри­то­к­ратияға не­гіз­делген тиімді бі­лім беру моделі арқылы қол жет­кізілді. Жүзден астам білім жә­не ғылым мекемелерімен әріп­тес­тік орнатылды. Назарбаев уни­верситеті Қытай, Гонконг, Үндіс­тан, Индонезия, Жапония, Оң­түстік Корея, Малайзия, Син­гапур және басқа да елдердің же­тек­ші жоғары оқу орындары енетін Азия университеттер альян­сы­ның тең құрылтайшысы атан­ды. Осы 50 университеттің ар­а­сын­да қазақстандық университет 15-орынға тұрақтады.
Назарбаев университетінде студент­тер­дің жайлы тұруы мен сабаққа дайындалуы үшін бар­лық қолайлы жағдайлар жа­сал­ған. Айталық, бөлмелер 4 адамға ар­налған және барлық қажетті заттармен жабдықталған. Назарбаев Университетінде сту­де­нт­­терді еңбекке дайындау мен кә­сіби дамытуға, сондай-ақ оқу кезеңі ішінде студенттік практиканы ұйымдастыру, жұмыс берушілердің презентациясы мен кәсіби даму бағдарламасын, экс­­курсиялар, бос жұмыс орын­да­ры жәрмеңкесін өткізу ар­қы­лы тү­лектерді жұмысқа ор­на­­ластыруға бағытталған Сту­де­нттерді кә­сіптік бағдарлау жә­не дамыту орталығы құрылған. СКБДО қызметкерлері Астана қаласының аумағында және одан тыс жерлерде мұнай-газ секторы, денсаулық сақтау, ғы­лы­ми-зерттеу орталықтары, хи­мия өнеркәсібі, министрліктер, үкіметтік емес ұйымдар, зауыттар мен басқа да қызметті қоса алғанда, қазақстандық, сондай-ақ, халықаралық ұйымдармен бір­ге түрлі салада тығыз ынты­мақ­тастық орнатып отыр. 
Назарбаев университетінің сту­де­­нт­­тері – еліміздің индус­т­ри­я­л­ық-инновациялық дамуына үлес қоса алатын ұлттық ғылыми және техникалық элитаның жаңа буын­ы ре­тінде сипатталады. Сон­дық­тан да жұ­мыс берушілер оқу ошағы сту­де­нт­терінің өсуі мен дамуын бақылап оты­­р­а­ды. Өткен кезеңдегі аналитикалық тал­­­дау компанияларының Назарбаев ун­и­верситеті студенттерін болашақ кә­сіп­­қойлар ретінде қабылдағанын және олар­­ға әлеуетті қызметкерлер ретінде қа­­­рағанын айта кеткен абзал. Расында, Назарбаев университеті түлектерінің әлеу­еті жоғары. Аталған дербес білім беру ұй­ым­ының президенті Шигео Катсу мырзамен әңгімелескенімізде, ол студенттер өз-өзіне сұрақты дұрыс қою нәтижесінде алдында тұрған мәселенің шешімін таба білуді үйренетінін, тығырықтан жол тауып шығуға, жаһандану дәуірінде түрлі күрделі жағдайларға, оқиғаларға тап болатын сыни сәттерде өзгеруге, бейімделуге бейіл болуы тиістігін айтқан болатын. Яғни, технологиямен, ғылыммен, қай іспен шұғылданса да, 5-10 жылдан кейін университетте оқыған білімі олар үшін өзекті болмай қалуы мүмкін. Сондықтан, тез бейімделе білудің маңызы үлкен, дейді оқу орнының басшылығы.
Назарбаев университеті құ­ры­лымында әлемдік деңгейдегі жо­ғары оқу орын­да­рымен әріп­тес­тікте жұмыс істей­тін 8 ғы­лыми мектеп бар. Яғни, тәлімгер­­лер «Ғылым мен технология», «Медицина», «Гу­манитарлық және әлеу­мет­­тік ғы­лым­дар», «Жоғары бизнес», «Ин­­же­нерия», «Кен ісі және геоғылым», «Жо­­ғ­ары мемлекеттік саясат» және «Жо­ға­ры білім беру» мектептері бойынша оқытылады.
Қазір университет ғалымдары энер­гия­лық тиімділігі мол батарея жасаумен шұғылданып келеді. Аталған батареяның көлемі жағынан кіші, салмағы аз болуын және мол көлемде энергия қуатын сақтауын, сондай-ақ, қоршаған ортаға залал келтірмеуін ғылыми жұмыстармен дәйектеуде. Сондай-ақ, оптикалық сенсор, робот техникасы бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Адам өміріне, ден­саулығына қауіпті жұмыстарды ат­қаруда роботтарды пайдалану сияқты алго­ритмдер көп. Сонымен бірге, медици­нада оңалту жүйесінде роботтардың күш-қуатын пайдалану көзделуде. Яғни, адамның күш-қуатын арттыруға арналған экзоқаңқа құрылғыларын дамыту бойынша пациентті оңалтуға көмектесетін жобалар бар. Мұндай жобалар туралы көптеп айта беруге болады.
Яғни, Елбасы ерекше атап өткендей, Назарбаев университеті – еліміздің ак­ти­ві, келешектің инвестициясы. Бұл бүгінде жеті жылда атқарылған жемісті жұ­мыстардан да көрінеді. 

Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»