Қазақстан • 06 Шілде, 2017

Көзің сүйсінеді, көңілің ән салады

164 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Еліміздің астанасын жаңа қонысқа ауыстыру туралы ең алғаш сөз жүргенде біздер, қазақ­стан­­дық БАҚ басшылары, мұның көкжиегі алыс­­ты меңзеген саяси бағдарлама екенін тү­сін­­дік. Басылым беттерінде бұл бастамаға бай­ланыс­ты толғамды мақалалар туа бастады. Жа­сы­ра­тын несі бар, ол кезде кейбіріміздің дүдә­­мал ойдың жетегінде болғанымыз да рас. Сол тұста Кеңес Одағы деген алып мем­ле­­кет құ­ла­­ған. Елдің экономикасы тұралап жат­­ты. Ай­­на­­­ланың барлығында дағдарыс, бі­рақ, бұ­рын-соңды бой көрсетпеген, аты мен заты бей­таныс бизнеске құлшыныс танытыла бастады...

Көзің сүйсінеді, көңілің ән салады

Әуелде Алатаудың баура­йын­дағы әсем қала­ны көпшілікке аяқас­тынан қиып кету мүм­кін еместей көрінген. Солар­дың қатарында өзім де бар едім... Бір жағы осындай баққа оранған жасыл қалада өзім туып-өстім емес пе? Басқа жерден дәл осындай құлпырған қала салу қолдан келмейтін іс секілді еді?! Уақыттың жыл­дам­дығын сезініп те үл­герер емеспіз, міне, Аста­надай әсем қала көз алдымызда өсіп-өркендеді. Көзің сүйсінеді, көңілің ән салады! Қазіргі ЭКСПО салтанаты кезінде еліміздің бас қаласына ат басын бұрып келген әлем жұршылығының әсем қаламыз туралы пікірлерін естігенде, көңілің тіпті жадырап кетеді екен. Осындайда бір кезеңде табиғаты адам күшін мойындамайтын өңірден қала салу мүмкін емес деген ой құшағында болғаның үшін ұялып та қалады екенсің. Айналып келгенде, азаматтығы мен асқар таудай арманын бір арнаға тоғыстырып, арман қаланы аяғынан тік тұрғызған Нұрсұлтан Әбішұлына басыңды иіп тұрып алғысыңды жаудырғың-ақ келеді! 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразияның кіндігінде болашақтың қаласын салды. Әлем жұртшылығының өкілдері – дүние жүзінің небір алпауыт мемлекеттері басшыларының өзі Аста­наның төрінде халықаралық мәмілелерге қол жеткізіп, Қазақ­стан­ның даңқын арттырды. Қазір  әлемдік сарапшылар қауымы Астананы аймақ­тағы Дубай қаласымен теңестіріп жатыр. Бұдан он-он бес жыл бұрын он­дай ой айтылар ма еді, ойла­ны­­ңыз­шы? Айтылса, оған ел сенер ме еді? Міне, Астана шаһарының бүгін­гі болмысы, бүгінгі таңдауы дәл осын­дай мәртебеге ие! Осындайда Елба­сымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бо­лашақты болжай білген көреген саясатына сүйсінесің. 
Жалпы, қызмет барысында менің өз басым Нұрсұлтан Әбішұлымен сан рет кездестім. Алайда, солардың ішін­де екі рет жүздескенім менің есімде ұмытылмастай болып қалды... Оның өзіндік себебі де жоқ емес. Екі кездесуде де Елбасына әңгіме ара­сында өтініш айтып үлгергенім бар. Оның біріншісі Қазақстанның БАҚ-тарына қатысты еді. Ол кезде ұйғыр тіліндегі газетті басқарғаныммен, ті­лімді сындырып, университеттегі орыс тіліндегі факультетті бітірдім. Білімімді одан әрі Мәскеуде жетіл­дірдім. Менің бар арманым – өзіміздің әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің осы факультетінің жанынан ұйғыр бөлімін ашу еді. 
Талай есікті қағып жүріп, алдағы 10 жылдың көлемінде қанша ұйғыр тілді журналист керектігін саралап, ол бөлімді аштық та. Еңсеміз енді көтерілгенде, университеттің сол кездегі ректоры бала саны жетімсіз деген сылтаумен ол бөлімді жапты. Бір қызығы, менің ізімше, корейлер мен немістер факультет жанынан сондай бөлім ашып алған еді. Істің орайы келсе жақсы ғой, бір шара үстінде Нұрсұлтан Әбішұлымен жүздесіп қалдым да, уақытының тапшылығына қарамастан, жай­сыз болса да әлгі проб­леманы жайып салдым. Елба­сы өзінің Әкімшілігіндегі салаға қа­тыс­ты бір әріптесімді шақырып алды да, «Кеңсенің сыртында не бо­лып жатқанын білмейсіңдер», деп жедел тапсырма берді. Жұрттың қуа­ны­шында шек жоқ, бөлім қайта ашылды. 
Қазақстан халқы Ассамблеясында жүрген кезімде Қазақстандағы, тіпті Орталық Азиядағы дейікші, жалғыз ғана ұйғыр театрына жабылу қаупі төнді. Елбасы Алматыға сапармен келгенде, Ассамблеяның жұмысымен танысты. Сондай сәтті пайдаланып, театрдың басына төнген қауіп бұлты туралы тәптіштеп баяндадым. Мұқият тыңдаған Нұрсұлтан Әбішұлы сол жерде сала қызметкерлеріне тапсырма берді. Театрдың жаңа тұрпатта ашылу салтанатына өзі келіп қатысатынын ескертті. Расында да, кейін театрдың алғашқы сахналық қойылымына Нұрсұлтан Әбішұлының өзі келді. Бірегей өнер отауының қызметіне, қазақ өнеріндегі оның алар орнына тоқталып, оң бағасын берді.
Қандай бір сәтте еліміздегі аза­мат­тардың мұқта­жына, қажетіне айрықша көңіл бөліп, оның орын­далуын мұқият назарда ұстайтын Елбасының осы бір қасиет­теріне мен өз өмірімде осы­лайша куә болған жайым бар. Күн санап құлпырып, қанатын кеңге жайып келе жатқан айшықты Аста­на­ның сән-салтанатын көрген сайын, шаһар салудағы  Нұрсұлтан Әбіш­ұлына ғана тән мұқияттылық ны­шанын анық аңғарамын.

Юлдаш АЗАМАТОВ,
«Қазақ газеттері» ЖШС 
Бас директоры – Редакторлар кеңесі төрағасының кеңесшісі