Қазақстан • 12 Шілде, 2017

60 мыңға жуық отбасы көшіріледі

84 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау вице-мини­стрі­ Біржан Нұрымбетов «Халықты өнім­ді жұмыспен қамту ша­ра­л­арын жүзеге асыру» та­қырыбындағы брифи­нг барысында 2017-2021 жылдарға арналған нә­тижелі жұмыспен қам­ту­ды және жаппай кә­сіп­кер­лікті дамыту бағ­дар­ла­масының жылдың ал­ғаш­­қы жартысындағы қорытындысына шолу жасап, атқарылған жұмыс­тар­ға тоқ­талды.

60 мыңға жуық отбасы көшіріледі

Вице-министрдің сөзіне қара­ған­да, 2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жұмыспен қамту орындарында жұмыссыз ретінде 151,7 мың адам тіркелген. «Бағдарламаның техникалық-кәсіби біліммен және қысқа мер­зімдегі кәсіби оқумен қамта­ма­сыз ету көзделген алғашқы ба­ғы­ты аясын­да биыл техникалық әрі кәсіби білімі бар 21,3 мың кадр даярлау және де 70,3 мың қа­зақстандықты қысқа аралықта кәсіби оқыту жоспарланып отыр. Оқу са­бақтары бүгінде қажеттілікке ие кәсіптер бойынша қолға алынуда. 
1 шілдедегі дерекке сүйенсек, 21 127 адам қысқа мерзімді оқуға жіберілді», деп атап өтті Б.Нұрымбетов. 
Сонымен қатар, көшіп-қону­шы­лардың мәселесіне мән беріп, олар­д­ың көшіп- қонуы ерікті бо­луы керектігін алға тартты. Был­тыр Солтүстік Қазақстанға қо­ныс аударған 1-2 отбасының қай­тадан көшуіне тура келген. «Бірін­ші­ден, адамның көшіп-қонуы өз қа­лауымен жүзеге асуы керек. Мем­лекет ешкімді мәжбүрлемейді. Се­бебі, бұл – конституциялық құ­қық. Екіншіден, көшемін деген аза­матты ынталандыру керек. Ол сол аймаққа қызығушылықпен ба­руы қажет. Біз оларға үй алып бе­ре­міз, жағдайыңды жасап береміз деп үміттендірмеуіміз керек. Мем­лекет ешкімге бара салып, үй әпермейді. Себебі, елімізде тұр­ғын үй­мен қамтамасыз етуде бірыңғай сая­сат қалыптасқан. Ал көшіп жат­қандарға біз тұрғын үй­лік не­сиенің жеңілдетілген түр­лерін не­месе жалға алған үй­дің шы­ғын­дарын өтеу сияқты құ­рал­дар­ды қарастырып жатырмыз», деді вице-министр. 
Сонымен қатар, Б.Нұрымбетов 5 жыл­дың ішінде 59 мың отбасын көшіру көзделіп отырғанын тілге тиек етті. «Біз оларды көшіруді 2018 жылдан бастап кетсек дейміз. Қазір со­ның барлық тетіктерін қарастырып жатырмыз», деді ол.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»