Қазақстан • 14 Шілде, 2017

Экологиялық қауіпсіз материал

1654 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Бүгінгі күні әлемде қоршаған ортаның ластануы, табиғаттағы төтенше оқиғалардың көбеюі, соның салдарынан қоғамға келіп жатқан шығындардың артуы экологиялық қауіпсіз, табиғи таза, ең бастысы, экономикалық жағынан тиімді өнімдерге деген сұранысты көбейтіп отыр. Соның ішінде, сәулет-құрылыс нысандары мен азаматтық, тұрғын үй құрылысы саласы осы мәселеге зәру екені анық.

Экологиялық қауіпсіз материал

Еліміз бойынша Қызылорда облысы құрылыс саласында алдыңғы орында келеді. Аймақта өнеркәсіптік құрылыспен қатар, азаматтық құрылыс та қарқынды дамуда. Осыған байланысты дәстүрлі құрылыс материалдарымен бірге барлық жағынан тиімділігі жоғары, аз шығынды қажет ететін құрылыс материалдарына деген сұраныстың артуы заңды. Осы ретте Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғалымдарының құрылыс материалдары саласы бойынша жүргізген бірнеше жылдық зерттеу жұмысы өз нәтижесін бергенін айтуымыз керек. Университет ға­лымдарының авторлық ұжыммен жүр­гізген «Құрылыс және мұнай салал­арында қуат және ресурс үнемдеуші тех­­­нологияларды әзірлеу және енгізу» та­­­қырыбындағы ғылыми жұмысының н­­е­­гізгі төрт бағытының бірі сыртқы қа­­быр­ға­лардың жылу өткізгіштігін 3-3,5 есеге дейін өсіріп, ғимараттарды жы­лытуға жұ­м­салатын шығынды 40 пай­ызға дейін азай­туды көздейді. Сыр­тқы қабырғаларды тұр­ғызуда жылу өт­кіз­гіштігі төмен к­ө­бікбетонның маңызы зор. Зерттеу нә­ти­жесінде өндіріске енген көбікбетон қа­зір­дің өзінде әмбебап құрылыс материалы ре­тінде сұранысқа ие болып отыр.

Көбікбетондар түрлі үйлер мен ғи­мараттар үшін жылу өткізгіштігі тө­мен ең тиімді материал. Орташа ты­ғыз­дығының төмендігіне қарамастан, оның сығылуға беріктігі мен аязға тө­зім­ділігі басқа құрылыс материалдарына қойылатын талаптарға толық жауап бе­реді. Көбікбетоннан жасалған сыртқы қа­бырғалардың салмағы керамикалық қыш­тан жасалған қабырғаларға қарағанда 2,5-3,5 есе жеңіл, жылу қорғау шарттары бойынша қабырға қалыңдығы, керамзитбетон немесе силикатты қыштан жасалған қабырға қалыңдығынан 1,5-2,5 есе аз.

Көбікбетоннан жасалған бұйым­дар климаттық жағдайларға және сей­с­ми­ка­лық аймақтарға қарамастан, барлық конти­ненттерде азаматтық және өндірістік құ­рылыста кеңінен қолданылады. Кө­бік­бетоннан төрт қабатқа дейінгі немесе те­мір-бетон қаңқаны қолдану арқылы одан да көп қабатты ғимараттар тұрғызуға болады. Көбікбетон салыстырмалы түрде арзан көбіктендіргіштерді пайдалану арқылы қолжетімді және табиғатта кеңінен тараған шикізаттар (кварцты құм, әк, су) негізінде өндіріледі. Оның тех­никалық қасиеттерін анықтайтын ма­ңызды сипаттамаларының бірі ретінде кө­лемдік массасын айтсақ болады. Мысалы, кө­бікбетонның 1 текше метрінде шамаман 5 текше метр ауа болады, ал ол өз кезегінде материалдың жоғары жы­лу­тех­ни­калық қасиеттерін қамтамасыз етеді. Көбікбетон жоғары кеуекті структурасына қарамастан, аязға да төзімді болып келеді.

Қазіргі кезде көбікбетон аралас­пасын топыраққа төгілген мұ­най қал­­дық­тарынан та­зартуға да қол­да­­ну мүм­­­кіндіктері анық­­та­лы­нып, ғы­лы­ми-зерттеу жұ­мыс­та­ры жүр­­гі­зі­луде. Не­­­­гізгі мақсат це­мент бай­­ла­ныс­тыр­ғыш­ын қолданып дай­­ын­дал­ған орта ты­ғыздықтағы кө­бік­­бе­тон ара­лас­па­сы­ның қатаю процесі хи­­мия­лық байланыс күштерінің және ос­мос құ­былысының әсерінен топырақ бе­­тін­дегі төгілген мұнай өнімдерін өз бой­ына сіңіру арқылы бір мезгілде жү­­­реді. Нә­ти­жесінде топырақтағы мұ­най өнімдері кө­бікбетонның кеуекті құ­­р­ы­лы­мының бой­ымен көтеріліп құ­ра­мы­на енеді. Атал­­мыш материалдан тұр­ғы­зылатын үй­лер мен ғимараттардың эко­­номикалық көр­­сеткіштерін бағалауда олар­­дың ір­ге­­тастарына түсетін жалпы сал­мақ­тың айтарлықтай азаятындығын ескеру қа­жет. Себебі, ол сығылатын бос топы­рақ­тарда аз шығындармен құрылыс нысандарын салуға мүмкіндік береді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мем­лекеттік университетінде талданған мә­ліметтерге сүйене отырып жүргізілген көп жылдық ғылыми-зерттеулер нә­тижесінде көбікбетоннан жасалған бұй­ым­дар мен конструкциялардың қатаюын тез­дету үшін күн энергиясын тиімді пай­далануға мүмкіндік беретін гелиотехно­логия әзірленді. Гелиполигондардағы кө­бікбетон өндірісін жылдың көп бө­лігінде ыстық және жылы ауа райлы бо­латын, қолайлы-климаттық жағдай қа­лып­тасқан аймақтарда жүзеге асыруға бо­лады. Қазақстанның оңтүстік бөлігі, күн радиациясының мөлшері 6 кВт сағ/м2
асатын, сыртқы қалыпты ауа температурасы 300С-тан жоғары болатын аптап ыстықтармен ерекшеленеді. Мұндай климаттық жағдайлар көбікбетон өндірісі үшін гелиполигондар салуға сенімді алғы­шарт­тар туғызады.

Сонымен қатар, гелиополигонның жұ­мыс істеу ұзақтығы тек көктем-жаз-күз мезгілдерімен ғана шектелмейді, яғни жыл­дың қалған айларында да осы гелиопо­лигонды күн энергиясын пайдаланумен (кемі 20%-ға дейін) қатар қосымша дәстүрлі қуат көздерін (мысалы, электрэнергиясын), ауа райына байланысты 80%-ға дейін, қосарлана пайдалану арқылы өндірісті тиімді жалғастыра беруге болады. Еліміздегі қолайлы-климаттық аймақтардың айтарлықтай үлкен аумағын ескере отырып, көбікбетон өндірісінде оның қатаюын тездету үшін пайдаланылатын дәстүрлі қуат көздерін күн энергиясымен алмастырудың экономикалық және экологиялық тұрғыдан маңызы мен келешегі зор.

Мұнай, газ және көмір сияқты дәстүрлі қуат көздерінің қорлары шектеулі, оларды пайдалану ұзақтығы тұтыну шапшаңдығы мен ауқымына байланысты. Бүкіл әлемде дәстүрлі емес қуат көздерін пайдалану үлкен қызығушылық тудырып отыр. Сон­дықтан еліміздегі ЭКСПО-2017 көрмесі де тұрақты қуат көздерін да­мытуға, қуат үнемдеу сенімділігі мен ти­ім­ділігін арттыруға бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен техноло-
г­ияларды зерттеуге бейімделген. Оның мақсаты – жаңармалы қуат көздерін пайдалануды және энергетикалық ресурстарды тиімді тұтынуды ынталандыру. Бұл тек дәстүрлі қуат қорларының азаю­ымен түсіндірілмейді, сондай-ақ ор­ганикалық отынды жағудан бөлінетін көмірқышқыл газының атмосфераны ластауынан болатын экологиялық жағ­дай­ды сауықтыру қажеттігінен туындап отыр. Сондықтан қоршаған ортаны эко­логиялық сауықтырудың ең ұтымды әдіс­терінің бірі ол органикалық отынды жағуды мейлінше азайтып, оның орнына қалпына келетін қуат қорларын кеңінен пай­далану болып табылады.

Осыған орай, қазіргі таңда күн энергиясын пайдаланудың әлемде екі бағыты өріс алуда, бірінші бағыт – электр қуатын өндіру, екіншісі – жылу энергиясын алу. Өндірістік масштабтағы электр қуатын өндіретін қазіргі таңда бірінші әдіске сәйкес жоғары тиімділікті технологиялар дамудың алғашқы сатысында болса, ал күн энергиясын ғимараттарды жылыту үшін пайдаланатын технологиялар шет елдерде кеңінен қолданысқа енгізілген.

Жүргізілген зерттеулердің нәти­же­сін­де күн энергиясын көбікбетон өнді­рі­сін­де қолдану бұйымдарды қыздыру мен суытудың жұмсақ режімдері арқылы бе­то­нның ішкі қуат көзі цеме­нт эк­зотермия­сын тиімді қолдануға ық­пал ете­тіндігі анықталды. Ал ол өз ке­зе­гінде алынатын көбікбетон бұй­ым­да­рының жоғары сапалы болып шы­ғуы­ның кепілі бола алады.

Күн энергиясын тиімді пай­да­ла­ну­дың маңызды шарты – қол­да­ныстағы жаб­дықтарды пайдалану мүм­кіндігі. Полигондарда бұйымдарды гел­и­отер­мо­өңдеу үшін негізі қарапайым ме­талл қа­лыптардан құралған ге­лио­қа­­лыптар қол­данылады. Соған сәйкес по­­лигон жағдайында бұйымды камерасыз жылумен өңдеуге көшу жүзеге асыры­лады. Бұйымды гелиотермоөңдеуге көш­кенде, камералар мен формаларды жаб­дықтайтын қосымша элементтерді орнату үшін елеулі қаржы салу талап етілмейді жә­не ол әдетте кәсіпорындардың өз күш­те­рімен жүзеге асырылады.

Қазақстанның оңтүстік аймақтарына ұзақ, ыстық. Тұрақты температурасы шамаман 40-450С. Осы аймақтағы күн радиациясының көрсеткіші кемі 6 кВт сағ/м2 дейін жетеді. Мұндай кли­маттық жағдайлары көбікбетон бұй­ымдары мен конструкцияларын өн­діруге арналған гелиополигондарды ұйымдастыруға сенімді алғышарттар жасайды. Сондықтан күн энергиясын көбікбетон өндірісінде дәс­түр­лі қуат түрлерін ауыстыруға қол­дануға мүм­кіндік беретін қолайлы ауа райы кли­мат­тық жағдайлары бар аймақтардың көлемінің үлкен ауқымын ескере отырып, гелиотехнологияның зор келешегін бол­жауға болады.

Техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисеновтің же­тек­шілігімен жүргізілген «Құрылыс және мұ­най салаларында қуат және ресурс үнемдеуші технологияларды әзір­леу және енгізу» тақырыбындағы ғы­­лыми жұмысты ғылым және техника са­ласындағы әл-Фараби атындағы Мем­ле­кеттік сыйлықты алуға лайық деп санаймын.

Ақболат АХМЕТОВ,
техника ғылымдарының докторы, пофессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі

Қызылорда облысы