Қазақстан • 18 Шілде, 2017

Балаларға арналған инновациялық оқулық

252 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Енді мұғалім де, ата-ана да, бала да жол қозғалысы ережесін план­шетті, ноутбукты, компьютерді ашып қойып, үйде үй­ре­не беруіне болады. Қостанай облыстық ішкі істер бас­қар­ма­сының Жергілікті полиция қызметі мен «Өрлеу» бі­лік­ті­лік­ті көтеру ұлттық орталығы облыстық филиалы бі­рі­гіп, тұ­с­аукесерін өткізген «Мектеп мұғалімдеріне ар­нал­ған жол қоз­ғалысы ережесінің сандық ресурсы» – инно­ва­ция­лық жо­ба. Электронды оқулықты жа­са­­ғандар оның тұсаукесерінде бұл ноу-хаудың елімізде әлі ба­ла­масы жоқ екенін айтты.

Балаларға арналған инновациялық оқулық

«Өрлеу» біліктілікті көтеру ұлт­тық орталығы Қостанай об­лыс­тық филиалының директо­ры Марионелла Слесарь сандық ре­сурстың инновациялық жо­ба екенін айта келіп, жол қоз­ға­лы­сы ережесін үйретуде оның ба­лаларға қызықты бола­ты­нын, зеріктірмейтінін жет­кіз­ді. Об­лыс­тық ішкі істер де­пар­­таменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы, поли­ция полковнигі Нығмет Ыс­ма­ғұ­­ловтың айтуынша, бұл жо­баның балалардың жолдағы жа­рақатының азаюына септігі ти­етін болады.

Жол қозғалысы ережесінің сан­­дық ресурсының тұсаукесерге ар­налған буклеті Жітіқара ау­дандық мәслихатының депутаты Гүлсара Жаманқұлованың қол­дауымен қазақ және орыс тіл­дерінде басылып шықты. Ал­дағы уақытта электронды оқу­лық Қостанай облысы мен рес­пуб­ликадағы барлық мектептерге та­ратылып беріледі. Сонымен қатар оны «Өрлеудің» сайтынан да көшіріп алуға болады.

– Ресурс қолжетімді, бар­ша­ға түсінікті платформада дай­ын­далған. Сондықтан оны ком­пью­терлерге түрлі сипат­пен жүк­теуге болады. Оны қа­рау үшін интернет желісіне қо­сы­лу­дың қажеті жоқ, барлық муль­ти­­медиялық контент, керекті бағ­дарламалар ресурстың өзінде сақ­талады, – деді Марионелла Васильевна. – Бағдарлама жол қозғалысы ережесі бойынша нор­ма­тивтік-құқықтық құжаттар, тип­тік оқу ба­ғдарламасы, са­бақ­тар мен қо­сымшалар дайын­дау, кіш­­кентай балалар үшін жол ере­­ж­е­сін сақтау туралы та­қы­рып­тық му­ль­тфильмдер се­кіл­ді төрт бө­лімнен тұрады.

– Биылғы жылдың бірінші жартысында облыс өңірінде жасөспірімдер зардап шеккен 30 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Одан бір бала қаза тауып, 32 бала түрлі деңгейдегі жарақат алды. Жарты жылда 6 жол-көлік оқиғасы жасөспірімдердің кінәсінен орын алған. Зардап шеккен 18 бала жаяу жүргінші, екі бала велоси­пед айдап бара жатқан, 10 бала кө­лікте жолаушы жүріп бара жат­қан. Тағы бір мәлімет, ең көп жа­рақат алғандарға 10 және 14 жасқа дейінгі, екінші орынға 7 жастағы және үшінші орынға 7 мен 10 жасқа дейінгі балаларды қоюға болады. Жол қозғалысы ережесінің сандық ресурсы нақ осы санаттағы балаларға арналып жасалғаны қуантады, – деді облыстық ішкі істер де­пар­­таменті Жергілікті полиция қыз­­метінің бөлімше бастығы, по­­лиция подполковнигі Айгүл Бек­мағамбетова.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ