Руханият • 07 Қыркүйек, 2017

Сахна саңлағы

935 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Мәдениет және спорт ми­нис­трлігі және Қазақстан театрлар қау­ым­­дастығы ұйым­дастыруымен халық­аралық ЭКСПО-2017 көрмесінің мәдени бағ­дар­ламасы аясында өтетін Қазақстан драма театрларының XXV республикалық фестивалі Қазақстанның еңбек сіңір­ген өнер қайраткері, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты, көрнекті театр сыншысы Әшірбек Сығайдың 70 жылдығына арналуда.

Сахна саңлағы

Фестиваль­дің негізгі мақ­саты бар ғұ­мырын теа­тр өнеріне ба­­ғыш­­­таған сараб­дал сын­шы, бі­ре­гей театр қай­­рат­керінің шы­­­ғар­­­машы­лы­ғын көп­шілік­ке барын­ша дә­ріптеу, со­ңында қалған мол мұ­­расын жаң­­ғыр­­ту, есімін ел есін­де мәң­гі қал­­ды­ру болып табылады. 

Сондай-ақ осы арқылы Қа­зақ­­стан­дағы театр өне­рінің бүгінгі даму бағыт­тары мен көркемдік кел­бетін зерделеп, өзара шығармашылық қарым-қатынасты одан әрі нығайту, театр өнеріндегі сабақтастықты сақтап, жаңа­шыл үрдісті дамыту, дарынды актерлер мен режиссерлерге жан-жақты қолдау көрсету көз­делуде.

Өнер бәйгесіне соңғы 2-3 театрлық маусым­да тұсаукесері өткен және беделді театр сын­шыларының жоғары бағасына ие болған, бұрын сахна сайысына қатыспаған үздік қойылымдар, еліміздегі драма, музыкалық драма, музыкалық-комедия, сатира, балалар мен жасөспірімдер театрлары қатысады. Атап айтар болсақ, Қазақтың мемлекеттік академиялық Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры, Атырау облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театры, Республикалық академиялық неміс драма театры, Қазақтың мемлекеттік академиялық Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театры, Ақмола облыстық орыс драма театры, Астана Жастар театры, Шығыс Қазақстан облысы «Дариға-ай» жастар театры, «Жас сахна» театрлары өнер көрсетеді. 

Фестиваль ресми түрде Жастар театры сахнасында 9 қыркүйекте ашылып, ал 13 қыркүйекте «Астана Балет» театрында салтанатты рәуіште қорытындыланады деп күтілуде. 

Бес күн бойы Астана қаласының қонақтары мен тұрғындары фестиваль қойылымдарын елордалық Қ.Қуанышбаев театры, «Қазақстан» Орталық концерт залы мен Жастар театры сахналарынан тегін тамашалау мүмкіндігіне ие болып отыр. 

Қаршыға КҮЛЕН