Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2017

Астанада 73 мыңға жуық оқушы тегін тамақтанады

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жаңа оқу жылында 73 мыңға жуық мектеп оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 3,5 млрд-қа жуық қаржы бөлінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астанада 73 мыңға жуық оқушы тегін тамақтанады

«Елорданың 84 білім беру мекемесінде бастауыш сынып оқушыларының барлығы ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар 5-11 сыныптардарда оқитын аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларда тегін ыстық тамақпен қамтылады», - деді қалалық білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Әсем Үсенова.

Оның айтуынша Астана мектептеріндегі асханаларда 26 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Жаңа оқу жылына дайындық барысында барлық мектептердің асханалары ағымдағы және күрделі жөндеуден өтті.