Хоккей • 10 Қыркүйек, 2017

Петропавлда шайбалы хоккейден ҚР чемпионаты басталды

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов спортшылар мен жанкүйерлерді 2017-2018 жылғы хоккей маусымының басталуымен құттықтады, деп хабар береді «ҚазАқпарат»

Петропавлда шайбалы хоккейден ҚР чемпионаты басталды

Өңір басшысы петропавлдық «Құлагер» командасын маусым алдындағы Қазақстан Кубогі хоккей турниріндегі жеңісімен құттықтады.

«Біздің команда жеңімпазға тән ерік-жігер танытты. Бұл әрбір ойыншының, бапкерлер штабының, клуб басшылығының еңбегі. Команда мен жанкүйерлерге жаңа маусымда жаңаша көңіл күй мен ірі жеңістер тілеймін!» - деді Құмар Ақсақалов.  

«Құлагер» командасының капитаны Ильгиз Нұриев те жанкүйерлерге алғыс сөз сөйледі. Ол: «Жанкүйерлердің қолдауы болмағанда, бұл жеңіске жетпес едік», - деді.

Хоккей маусымы «Құлагер» және «Горняк» (Рудный) командалары арасындағы матчпен басталды. Бірінші таймның аяқталуына бір жарым минут қалғанда Дәулет Кенбаев («Горняк») есепті ашты. Үзіліске тоғыз секунд қалғанда «Құлагер» есепті теңестірді. Дмитрий Исмагилов жақын қашықтықтан шайбаны қақпаға дәл бағыттады. Бірінші күнгі нәтиже жергілікті команданың 3:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Осы командалар арасындағы екінші матч жексенбіде өтеді.