27 Қазан, 2011

Ұжымдық қауіпсіздіктегі ұстаным ортақтығы

272 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың бұған дейін Беларусь Президентімен және Премьер-министрімен кездескенін хабарлағанбыз. Ал кеше спикер бастаған қазақстандық парламентшілер делегация­сы Ұжымдық қауіпсіздік шартты ұйымы Парламенттік Ассам­блея­сы Кеңесінің отырысына қатысты. Ертеңгісін қазақстандық де­легация ҰҚШҰ ПА Кеңесі аты­нан Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қойып, жеңімпаз ба­тырлар рухына тағзым етті. Бұдан кейін Мәжіліс Төрағасы ҰҚШҰ-ға мүше мем­ле­кет­тер парламент­терінің басшы­ла­рын жинаған Беларусь Респуб­ли­касының Президенті А.Лукашенкомен кездесуге қатысты. Ал ҰҚШҰ ПА Кеңе­сі­нің отырысы Беларусь Респуб­ли­касы Ұлттық жи­налысы Өкілдер палатасы ғима­ра­тында өткенін айта кету керек. Отырыстың күн тәртібінде он екі мәселе қаралды. Оның бары­сын­да ҰҚШҰ ПА тұ­рақ­ты ко­мис­­сия­ларының төр­аға­лары бекітілді. Осы орайда аталған Ассамблеяның Халық­ара­лық ынтымақтастық және саяси мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып Қазақстан Парламенті Сенатының Әлеу­меттік-мә­дени даму комитетінің төр­аға­сы Ақан Бижанов тағайындалды. Сондай-ақ, отырыс ба­рысында ұйымның Шығыс Еуропа аймағын­дағы (Ресейдің Калининград облысындағы) саяси-әскери жағдай барысы, төтенше және техногенді апаттарға қарсы бірлесе әрекет ету, ПА-ның 2012 жылға арналған жұмыс жоспары және өзге де мәселелер жан-жақты қаралды. Осыдан бірнеше күн бұрын Санкт-Петер­бург­те тұрақты ко­мис­сиялардың төрағалығына кан­дидаттарды талқылап, Минскідегі отырыс­тың күн тәртібі пы­сық­талғаны белгілі. Осы жерде ҰҚШҰ ПА-ның негізгі бағыты мем­лекеттер арасындағы құқықтық базаны одан әрі нығай­тып, бір-біріне сәйкестілігін арттыруды көздей­тін­дігін баса айта кету керек. Жақында ғана ҰҚШҰ конференциясы өтіп, онда табиғи техногендік апаттармен (өрт, жер сілкінісі, су тасқы­ны және тағысын та­ғылар) күресу мәсе­лесі жан-жақты пысық­тал­ған-ды. Бұл мәселе де кеше кеңінен талқыға салынды. Сондай-ақ оты­рыс барысында ҰҚШҰ ПА-ның тиісті комис­сия­лары мен ұйымдарының ха­лық­аралық ұй­ым­дармен қа­рым-қатынасы тал­қыға салынды. Парламенттік Ассамблеяның өзге де халық­ара­лық парламенттік құрылым­дармен өзара қа­рым-қаты­насының қырлары да назардан тыс қалған жоқ. Жақында мемлекет басшылары бас қо­сып, бірқатар шарттарға қол қойғаны белгілі. Осыған сәйкес сол шарттар­дың орын­далуына қажетті құқықтық базаны нығайту мәселесі де өткір қойылды. Жалпы, ҰҚШҰ ПА-ның басты мақ­са­ты – осы ұйымға мүше мемле­кеттердің бір-бірі­мен қарым-қаты­насындағы өзара ықпал­дас­тық­та жұмыс істе­уінің құқық­тық негіздерін ұлттық заңнамамен сәйкес келтіру де уақыт талабынан туып отыр. Шек­араны нығайту, техногендік апат­пен кү­ресу, сондай-ақ қиындық туғызатын мәселелер бойынша ҰҚШҰ-ға мү­ше мемле­кеттердің бір бірімен қарым-қатына­сы, бірлесе әрекет етуі жайы да нақтыланды. ҰҚШҰ ПА құрылғалы бері көптеген моделдік заңдық құжаттар дай­ындалса, оларды ұлттық заңнама базасын нығайтуға пайдалануда көп­теген шаралар жү­зеге асқаны мәлім. ҰҚШҰ ПА-ның Ха­лық­аралық ынтымақтастық және саяси мәсе­ле­лер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ахан Бижанов ұйым жұмысындағы кедергілерді, әр мемлекеттің ұлттық заңнамасында сәйкес­сіз­діктер бар екенін атады. Сенатордың пайы­мын­ша, ұйымдағы мемлекеттердің ұста­ным­дары бір болғандықтан да ұлттық заңна­ма­ларды сәйкестендіруге әбден болады. Бұл бағытта депутаттық корпус пен Парламенттік Ассамблея бірлесе жұмыс жасауға әрқашанда дайын екендіктерін білдіріп отыр. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» – Минскіден.