ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттер парламентшілерінің кезекті кездесуі энергетика қауіпсіздігі, гуманитарлық көмек, сондай-ақ, мемлекеттік құпияға қатысты модельдік заңдарды қарауға арналды. Жиынға қатысушылар сондай-ақ, ақпараттық саладағы заң бұзушылықтармен күрес мәселелері жөніндегі қылмыстық заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсынымдарды да назардан тыс қалдырмады.
Талқыланған сұрақтар қатарында Орталық Азияда аймақтық қауіпсіздікті және ынтымақтастықты, сонымен бірге, ҰҚШҰ ПА мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының өзара іс қимылын заңнамалық қамтудағы парламенттердің рөліне де назар аударылды.
Терроризмен күрестің өзектілігіне көңіл бөлген Мәжіліс Спикері аталған парламенттік ұйымдардың өзара іс-қимылын одан әрі ынталандырудың маңыздылығына тоқталды.
Осы ретте Н. Нығматулин тәжірибе алмасу мақсатында ҰҚШҰ ПА жұмысының келер жылға арналған жоспарында ЕҚЫҰ ПА бірлескен кездесуін ұйымдастыруды қарауды ұсынды.