Бүгінде диқандар күздік бақша өнімдерінің 55 760 тоннасын Германия, Балтық елдері мен Ресей елінің Мәскеу қаласына және Новосібір, Пенза, Самара облыстарына жөнелтті. Ал, 63 мың тонна қауын мен қарбызды Астана мен Алматы қаласына жіберсе, қалғанын облыс нарығына саудалаған. Шаруалар Сырдария және Арыс өзенініӊ игілігін тиімді пайдаланып, өздеріне тиесілі алқаптарда жиын-терім науқанын ойдағыдай жүргізуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауылшаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару бұл облыстың өткен және алдыңғы жылдардағы басым бағыттарының бірі болып отыр. Жергілікті биліктің мақсаты ішкі рынокты қамтамасыз етіп, экспорт әлеуетін арттыру.
Аграрлы аймақтың - ауыл шаруашылығын жаңа даму деңгейіне көтеріп, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға әлеуеті жетеді. Бұл бағытта бүгінде өңірде тиісті деңгейде жұмыстар атқарылуда.