Қазіргі таңда біз қол жеткізген табыстар, бейбітшілік пен келісімді өмір сүруіміз, ортақ шаңыраққа бірігуіміз, бала тәрбиелеп, тыныштықта өмір сүруіміз Елбасының ерен еңбегінің жемісі.
Мен әлемнің көптеген елдерінде болдым. Мәселен, Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяны алып қарайық. Бір халық екіге бөлініп, түрлі жағдайды бастан өткеріп отыр. Ал біз татулықта, тыныштықта, емін-еркін өмір сүреміз. Қазақстандағы 130-ға жуық этнос өкілдері бейбітшілік пен келісімде бір шаңырақ астына жиналған.
Қазақстанда халыққа көп мүмкіншілік берілген. Ендігі қалғаны қажымай-талмай еңбек ету керек. Осының бәрі Елбасы ұстанған көреген саясаттың нәтижесі. Этностық және діни қақтығыстар бірқатар елдердің тұрақты дамуына қатер төндіріп отырған қазіргі уақытта Қазақстан осы салада туындайтын проблемаларды жүйелі негізде шеше алатынын көрсетіп келеді.
Осы орайда Президентімізді, Қазақстан халқын айтулы мерекемен құттықтай отырып, еліміздің қарыштап дами беруіне тілектес екенімді білдіргім келеді.
Роман КИМ,
Мәжіліс депутаты, «Қазақстан корейлері қауымдастығы» РҚБ-ның президенті