Аймақтар • 15 Қаңтар, 2018

СҚО-ның мемлекеттік қызметкерлері желіде этикаға жат 300 материал жариялаған

722 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңір мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік желілеріне мониторингтік талдау жүргізіліп, қызмет этикасына қайшы келетін  300-ге тарта материалдың жарияланғаны анықталды.

СҚО-ның мемлекеттік қызметкерлері желіде этикаға жат 300 материал жариялаған

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Жанат Жұмабаевтың айтуынша,  әдеп кеңесінің отырыстарында 37 тәртіптік іс қаралған. Абыройын төгетін әрекеттері үшін 18 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылған. Біреуі қызметінен аластатылып, екеуі лауазымнан алынған.  Қызмет этикасын  бұзуына байланысты  13  шенеунікке жаза  қолданылған.

  Жауапқа тартылғандардың арасында аумақтық және жергілікті органдардың 26 қызметкері, 5 ауылдық әкім бар. Олардың арасында мас болып көлік жүргізу оқиғалары жиі кездеседі.  Мәселен, Айыртау аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісі, Александровка ауылдық округінің әкімі ішіп алып, көлік айдаған.  Торанғұл ауылдық әкімі қарамағындағыларға дөрекі мінез көрсеткен.  Амангелді ауылдық округінің әкімі жұмыс кезінде той жасап, ішімдік ұйымдастырған.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы