Парламент Мәжілісінің депутаттары Бейбіт Мамраев пен Кәрібай Мұсырман еліміздегі төртінші өнеркәсіптік революцияны жүзеге асырудағы білім мен ғылымның маңызына тоқталды.
«Мемлекет басшысы алдымызға қойған тапсырмаларды жүзеге асыру жолында еліміздің көлік саласындағы білікті мамандарды даярлау үшін академия барлық шараларды жасауда. Барынша білікті мамандар даярлауға назар аударудамыз. Біздің материалдық-техникалық базамыз жақсы, халықаралық байланысымыз жолға қойылған», деді «ҚазККА» АҚ президенті-ректоры Бақытжан Қуанышев.
Нұрлыбай ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
АСТАНА