Қазақстан • 05 Ақпан, 2018

Шағын бизнесті дамыту бағдарламасы таныстырылды

391 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыда Орталық Азиядағы микро, шағын және орта кәсіпорындарды (МШОК) қолдауға бағытталған шағын бизнесті дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламаның тұсауы кесілді.  

Шағын бизнесті дамыту бағдарламасы таныстырылды

Бұл бағдарламаны Еуропалық одақ қаржыландырады әрі ол Орталық Азиядағы қар­жы инс­титуттарының қызмет­керлерін онлайн оқытуға мүм­кіндік береді. Бағ­дарламаны әзір­леушілер дәріс алушыларға ың­ғайлы болу үшін дербес құрылғыларда оқытуды да ескерген.

Осынау аймақтық бағдарлама шағын бизнесті қаржыландыру саласына ноу-хау енгізуді қарас­тырады.

Бағдарламаның тұсаукесеріне ЕО, ЕҚДБ, Қазақстан Үкіме­ті мен Ұлттық банкі, халық­ара­лық ұйым­дар және қаржы ­ өкіл­дері қатысып, «Банк са­ла­сының бола­шағы және қар­жы қыз­мет­терін ұсы­ну» тақы­рыбында пікір алмас­ты.

Сол сияқты осы бағдарлама шеңбе­рінде Орталық Азия­да микро, шағын және орта кәсіп­орындарды қаржылан­дыратын қаржы институттарына арналған білім алмасу плат­формасы да іске қосылмақ. Сайт жергілікті қаржы институттарына осы саладағы ЕҚДБ тәжірибесімен танысып, түрлі тақырыптағы тренингтерден өтуге жол ашады.

Қазірдің өзінде платформа ша­ғын және орта кәсіп­орындардың несие төлеуге қабілеттілігін сараптайтын тренингтер ұсынуда. Бірақ білім алмасу бағдарламасы ішінара қол­жетімді. Алдағы күндері Орта­лық Азия елдерінде онлайн оқытудың жүйесі толық­қан­ды жұмыс істейтін болады. Биылғы жылдың ортасына қарай қыз­меткерлерді серти­фикат­тау­дың он­лайн-бағдар­ламасы іске қосы­лады.

Бағдарлама кеңесшісі – IPC (Internationale Projekt Consult GmbH) компаниясы. IPC шағын және орта бизнесті қаржы­лан­дыруға байланыс­ты жобалар мен оқыту бағдар­ламаларын жа­сау және жүзеге асыруда мол тәжі­рибеге ие компания.

Сондай-ақ бұл бағдарламаға Қазақстандағы «Даму» кәсіп­кер­лікті дамыту қоры» АҚ серіктес болады. Аталмыш қор­дың елі­міздің бүкіл аймағында филиалдары бар. Әрі «Даму» бизнеспен, қоғамдық ұйымдармен және жергілікті атқарушы билікпен ынтымақтастықта айтар­лықтай тәжірибе жинақтап үлгер­ген.

Тұсаукесер барысында Еу­ро­палық одақтың Қазақ­стан­дағы Өкілдігінің сенімді өкілі Золтан Салаи «Қазақстандағы мик­ро, шағын және орта кәсіп­орындардың ең басты қиын­дықтарының бірі қаржыға қол жеткізу. МШОК-ты қолдау экономиканы әртараптандыру мен инновацияны ілгерілетуде өте маңызды. Бұған дейін ЕО және ЕҚДБ көмегімен басқа аймақ­тарда жүзеге асқан бастама жақ­сы нәтижелерге қол жеткізді. Біз Орталық Азиядағы шағын бизнесті дамыту бағдарламасы Қазақстанда тура сондай жемісті болатынына сенімдіміз», деді.

ЕҚДБ-ның Қазақстандағы басшысы Агрис Прейманистің сөзіне қарағанда, бұған дейін ша­ғын және орта бизнесті қар­жы­ландыру жөніндегі оқыту бағ­дарламалары Орталық Азия­ның қаржылық институттары ара­сында айрықша танымал бол­ған. Өйткені бағдарлама заманауи технологияларды пайдаланып қана қоймай, Орталық Азияның ауқымды аудиториясын қамтуды көздейді. Нәтижесінде бұл МШОК-ты қаржыландыруға қатысты бағдарламаларды жақ­сар­тып, тиімді етпек.

«Даму» қорының басқарма төрағасы Абай Сарқұлов «Микро, шағын және орта биз­несті қаржы­ландыру және оларға қызмет көрсету саласында білім алмасу, оқыту және тестілеу үшін цифр­лы платфор­ма құру – қаржы секторы маман­дарына бизнесті дамыту мақсатындағы қаржылық жобаларды дайындау барысында іріктеу негіздерін дұрыс түсінуге мүмкіндік бе­реді», дейді.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ