Қазақстан • 05 Ақпан, 2018

Орталық сайлау комиссиясы Мұхтар Құл-Мұхаммедті депутат ретінде тіркеді

672 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы  Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедті Парламент Сенатының депутаты ретінде тіркеді.

Орталық сайлау комиссиясы Мұхтар Құл-Мұхаммедті депутат ретінде тіркеді

Бүгін 2018 жылдың 1 ақпанында Президент жарлығымен тағайындалған Парламент сенатының депутатын тіркеу бойынша Берік Имашевтың төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Орталық сайлау комиссиясы отырысында Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедті ҚР Парламенты Сенатының депутаты ретінде тіркеу жөнінде қаулы қабылданды.

Сонымен қатар, отырыста ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың  өкілеттілігін тоқтату мәселесі де қарастырылды. Өтініш бойынша Мәулен Әшімбаевтың ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттық өкілеттілігі мерзімнен тыс тоқтатылады.

ҚР Конституциясы 52-бабының 5-тармағына сәйкес, ҚР 1995 жылғы 25 қазандағы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәптебесі» туралы Конституциялық заңға сәйкес және М.Әшімбаевтың өтініші негізінде, ҚР Оталық сайлау Комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісіне Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының өкілеттілігін мерзімнен тыс тоқтату мәселесі бойынша ұсыным жөнелтеді.