Аймақтар • 05 Ақпан, 2018

Шымкентке жаңа автобустар келеді

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебев «Шымкент қаласындағы қоғамдық көлік саласын дамыту» форумына қатысу үшін өңірімізге арнайы келген отандық және шетелдік компаниялардың өкілдерімен кездесті.

Шымкентке жаңа автобустар келеді

- Елбасы биылғы халыққа арнаған Жолдауында мегаполис қалалардың проблемаларын тиімді шешу үшін «Смарт Сити» тұжырымдамасы мен қалалық ортаны басқарудың кешенді түрін енгізу қажет екенін айтқан болатын. Осы ретте миллионға тарта тұрғыны бар Шымкент қаласын ақылды қалаға айналдыру - кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Соның бірі жолаушылар тасымалдайтын автобустарды жаңалау, яғни өздеріңіз айтып отырғандай соңғы үлгідегі технологиялардың көмегімен халықтың жүріп-тұруын жеңілдетуіміз қажет, - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Форумға елімізден бөлек Ресей, Белорусь, Өзбекстан және ҚХР-дің автобус құрастырушы зауыттарының өкілдері арнайы келген. Шараның мақсаты – шаһардағы жолаушылар тасымалдау қызметінің сапасын арттыру. Әрбір қатысушы өздері өндіріп отырған автобустардың сапасы жоғары, тиімді бағада екенін айтады. Олардың айтуынша, қоғамдық көлікке орнатылған мониторинг, төлем, «GPS» жүйелері мен мобильді қосымшалар жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға мол мүмкіндік береді.                 

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024