Атырау облыстық әкімдігінің тапсырысымен Q-Daily Медиа орталығы дайындаған мультипликациялық фильм әдемі де әсерлі шыққан. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түсірілген бұл туынды тарихи орындарды насихаттап, өскелең ұрпақты бабалар жүріп өткен жолмен таныстыруды мақсат еткен.
– 10 бөлімнен тұратын «Сарайшыққа саяхат» - Қазақстандағы жаңа технологиямен жасалған алғашқы мультипликациялық фильм, - дейді жоба продюсері Азамат Атагелдиев. – Оны құрастыруға екі ай уақыт кетті. Кішкене көрермендердің көңілдерінен шығады деген сенімдеміз.
«Сарайшыққа саяхатты» алдымен облыс орталығындағы мектептердің 400-ге жуық бастауыш сынып оқушылары тамашалады. Енді жаңа фильммен басқа балалар да танысады.
Бақытгүл БАБАШ
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ