Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев айтты.
- Биыл облыс аумағында жалпы республикалық және облыстық бюджеттен бағытталған 52,5 млрд. теңгеге жалпы 186 инвестициялық жобаның құрылысын іске асыру жоспарлануда. Сондай-ақ, өткен жылы жоспардағы 233 нысанның 115-і пайдалануға берілді. Қалған 118 нысан 2018 жылға өтпелі. Ұлттық қордан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 35 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 20 мектеп пайдалануға тапсырылды. Қалған 15 мектеп 2018 жылға өтпелі, - деді Құттыбек Рахматуллаұлы.
Бақтияр ТАЙЖАН
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы