Қазақстан • 06 Ақпан, 2018

Кәсіподақ ашық әңгімеге шақырады

316 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы қоғаммен ашық пікір алаңын құруға мүдделі.

Кәсіподақ ашық әңгімеге шақырады

Ұйым жетекшілерінің айтуын­ша, әлем­дік әлеуметтік-эконо­микалық үдерістерде түбегейлі өзгеріс­тердің орын алуы еңбеккерлер өмірі­не және кәсіподақтар қозға­лысына жаңа талаптар мен мін­деттер, ерекше жауапкершілік жүк­теп отыр. Себебі жаһан жұрты төртінші өнеркәсіптік революция дәуірі – терең технологиялық өзге­рістер кезеңінде тұр. Бұл бол­­май қоймас үдеріс күн сайын қор­шаған ортаның келбеті мен әлемдік әлеуметтік ландшафттың өзгеруіне алып келеді.

Осы орайда Қазақстан Кәсіп­одақтар федерациясы еліміздегі кәсіподақтар қозғалысының орны мен рөлі туралы ой қосуға шақырады. Бұл мақсатта аталған ұйым «Кәсіподақтардың қазіргі замандағы рөлі мен орны» атты ұлттық пікірталас өткізбек. Пікір­талас барлық арналар арқы­лы, со­ның ішінде әлеуметтік желі­лерде де жүргізіледі. Ашық әңгі­меге Қазақстанның кез келген аза­ма­ты, БАҚ, сарапшылар қауым­­дас­­тығының өкілдері қатыса алады.

Бұл төртінші өнеркәсіптік революцияға қоғамның дайын­дық барысын пысықтайтын пікір­таласқа айналуы әбден мүмкін. Қазірдің өзінде интернет, виртуальды валютаның енуін былай қойғанда, өндіріс үдерісінің барлығы роботтандырылып жатыр. Қытай, АҚШ және Еуропа елдерінде адам факторынсыз жұмыс істеп жатқан зауыттар пайда болды. Ондағы роботтарда ақыл-ойдың басқаруына мұқтаждық жоқ әрі тәулік бойы жұмыс істеуге қабілетті. Сол сияқты «Даймлер» компаниясы жүргізушілерсіз жүк көліктерін шығаруға жақын қалды. Жа­санды интеллект «Сбербанк» менед­жментінің 50 пайыздан астамын жұмыссыз қалдырып отыр. Яғни адам ең басты иелігін – еңбекке иелігін жоғалта бастады. Ал жер бетінде орташа өмір сүру жасы жылдан жылға артып келеді. Сонда адамзаттың басым бөлігі немен шұғылданады деген сауал туады. 2025 жылға дейін Еуроодақ елдерінде, Жапонияда, Ресейде термоядролық синтез арқылы энергия өндіретін ірі стансалар салынбақ. Бұл экологиялық таза, қауіпсіз жаңа қуат көзі. Яғни мұнай мен газ, көмірге сұраныс төмендейді деген сөз. Мамандықтар құрылы­мы да өзгеруде. Халықаралық еңбек ұйымының болжамын­ша, көптеген танымал маман­дық­тар, соның ішінде заңгер­лер, есепшілер, өндіріс қызмет­кер­лері өз өзектілігін жоғалтады. Ал елімізде қай мамандар сұра­нысқа ие? Әлеуметтік еңбек қатынас­тарындағы жедел қолға алынуы тиіс осы іспетті ойлантарлық мәсе­­лелердің шешімін Кәсіп­одақ­­тар федерациясы бірге қарастыруды ұсынып отыр.

Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»