22 Қараша, 2011

Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы, полковник Шымырбай АҒАБЕКОВ: “Кедендік бақылау – ел экономикасының қауіпсіздігіне жауапты”

459 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Мемлекет шекарасы кедендік бақылаудан баста­ла­тын­ды­ғы анық. Өзге елден Қазақстан шекарасына аяқ басқан адамды ең алғаш қарсы алып, толық рәсімдеуден өт­кі­зетін кедендік бақылау қызметкерлері. Бұл адамдардың өз ісіне жауапкершілігінен ішкі мәдениет, әдеп танылады. Сырт ел сыншы. Олар кеден қызметіне қарап-ақ елдің экономикалық әлеуетіне, даму тынысына баға береді. Бұл бағытта Оңтүстік шекарада кедендік қызмет кү­шейтілді. Оның жаңа қызметіне байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департа­мен­тінің бастығы, полковник Шымыр­бай Аға­бе­ков­ке жо­­лығып, біраз сауалдарымызға жауап алған едік. – Шымырбай Лауланұлы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаменті еліміздің кеден ор­гандары жүйесіндегі ең ірі ау­­­­мақ­тық бөлімдердің біріне жа­тады. Осы орайда оның қазіргі қызметіне тоқталып өтсеңіз. – Департаменттің өткізу пункт­тері Оңтүстік бағыттағы страте­гиялық маңызды жерлерде орна­лас­қан. Оның бірден-бір себебі бізге тиесілі 958 шақырымды ал­ып жатқан Кеден одағының сырт­қы шекарасы болса, екіншісі – Еуропа, Таяу және Орта Шығыс елдерін Ресей Федерациясы, Қыр­ғызстан және Қытаймен байла­ныс­тырып отырған негізгі көлік магистральдарының облыс аума­ғында орналасуы. Облыс аумағы­мен халықаралық теміржол магистралі өтеді, сондай-ақ, «Шым­кент» әуежайы жұмыс істеуде. Кеден органдары қызметінің ең ма­ңызды кезеңдерінің бірі ағымдағы жылдың 1-шілдесінде Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын­дағы мемлекеттік бақылаудың кеден одағының сыртқы кедендік шекарасына өтуі болды. Осыған байланысты, Ресей-Қазақстан шек­­­арасындағы штат санының бір бөлігі оңтүстік шеп – қазақ-өзбек шекарасына көшірілді. Департаменттің қызмет ету аумағында, оның ішінде кеден ода­ғының Өзбекстан Республик­а­сымен шекаралас сыртқы шекара­сында 6 кеден бекеті орналасқан. Олар: «Қазығұрт», «Жібек жолы», «Қапланбек», «Б.Қонысбаев», «Мақтаарал» («Атамекен» бақы­лау өткізу пункті, «Мақтаарал стан­са­сы» бақылау өткізу пункті), «Са­ры­ағаш стансасы». 2011 жылдың 9 айында депар­таменттің құрылымдық бөлімдері 51 718 транзиттік декларация, 19 798 тауарларға арналған декларация толтырып, 4,5 миллион жеке тұлғаларға кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау жүргізді. Кеден шекарасынан 25 мың жеңіл және 27 мың жүк автокөліктері, 800-ге жуық әуе кемелері, сондай-ақ, 986 жолаушы пойыздары мен 184 мыңнан астам теміржол вагон­дары өтті. – Кеден органдарын жаңаша жабдықтау құрылғыларының   кө­мегімен заң бұзу­шылық әре­кет­терді анықтауға қаншалықты ықпалын тигізуде? – Жыл басынан бері департамент 49 қылмыстық іс қозғады. Осы істер бойынша мемлекет пай­дасына жалпы сомасы 42 млн. теңге құрайтын тауарлар тәркі­ленді. Анықталған экономикалық қылмыстар бойынша мемлекетке 8 млн. теңге сомасында шығын өтелді. Ал, әкімшілік құқық бұзу­шы­лықпен күрес бағытында 1320 іс қозғалды. Құқық бұзушылар­дан 26 млн. теңге көлемінде ай­ып­пұл өндірілді. Қаралған әкім­ші­лік істер бойынша мемлекет пайдасына жалпы сомасы 10 млн. теңгеден астам қаржыны құрай­тын тауарлар тәркіленді, 20 млн.теңгеден астам шығын өтелді. Бұл жұмыстардың барлығы да кеден бекеттерінің техникалық құ­ралдармен жабдықталуының ар­қасында болып отыр. Жүктелген тапсырмаларды ор­ындау мақсатында, сонымен қа­тар, «2009-2011 жылдарға арнал­ған Қазақстан Республикасын­дағы нашақорлық пен есірткібизнеске қарсы күрес бағдарламасы» бойынша Үкімет қаулысын жү­зе­ге асыру үшін 2011 жылы депар­таменттің оңтүстік өңірінің өткізу пункттерін кедендік бақылаудың техникалық құралдарымен жаб­дықтауға 1,7 млрд. теңге бөлінді. Кедендік бақылаудың техни­калық құралдарын қолдану бары­сында жүк автокөлік құралда­ры­ның салмақтық және көлемдік өл­шемдерінің бұзушылықтары бой­ынша 152 факті анықталып, 1,5 млн. теңге сомасында айыппұл өндірілді. Рентгентелевизиялық аппарат­тар­дың көмегімен 10 заң бұзу­шы­лық анықталды. Оның ішінде: 24900 АҚШ долларын деклара­ция­ламауы, жалпы құны 4 млн. теңгені құрайтын ұялы теле­фон­дарды заңсыз өткізбек болуы жә­не Қазақстанға әкелуге тыйым салынған, жасырын ақпарат алуға және бейнебақылау жүргізуге ар­нал­ған арнайы құрылғыларды ан­ықтауы бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. – Бұрындары кедендік бақы­лау бекеттеріне барғанда сани­тарлық-эпидемиологиялық қыз­мет сияқты небір мекемелердің шекарада сап түзеп отыра­тын­дығын көретін едік. Құдды, адам­дар базарда сауда жасап жүргендей әсер қалдыратын. Қа­зір шекарадағы басқа да бақы­лау органдарының міндеттері кеден органдарына берілді. Осы бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде? – Шекаралық өткізу пункттерінде тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылау бойынша фито­са­нитарлық, санитарлық-каран­тин­дік, көліктік бақылау, кедендік операцияларды жүзеге асыру бой­ынша жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында кеден органдары өт­кізу пункттерінде басқа бақылау­шы органдардың іс-әрекеттерін үйлестіреді. Осыған орай, кеден органдарына ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау қыз­мет­керлері іс-сапармен келіп, шекарада көліктік бақылау және са­ни­тарлық-эпидемиологиялық қада­ға­­лау қызметтері кеден орган­да­рына берілді. Барлық өткізу пункт­тері «бір терезе» және «бір аялдама» қағидасы бойынша жұмыс жасайды. Бұл дегеніміз, бақы­лау­дың барлық түрлері бір уақытта және бір жерде жүргізіледі. – Оңтүстік Қазақстан об­лысы бой­ынша кедендік де­пар­таменттің ағымдағы жыл­ғы жетістіктері қандай? – Бұл жыл Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік ба­қылау департаментіне республи­ка­лық бюджетті толтыру жағынан ерекше жыл болды. Кедендік ресімдерді оңайлату және сыртқы экономикаға қаты­су­шыларға қолайлы жағдай жасау кеден органдарының негізгі жұ­мысының басты бағыты. Осы жағ­дай сыртқы экономикалық жағ­дайдың да жақсаруына себеп болды. Қазақстан экономикасы Кеден одағының шеңберінде екінші жыл жұмыс істеуде. 2011 жыл­дың 1 шілдесінен бастап ішкі шекарадағы кедендік бақылау алы­нып тасталды. Бұл жәйттер өзінің жақсы жағын көрсетуде. 2011 жылдың есеп беру мерзімінде тауарлардың импорт көлемі бір жарым есеге, сонымен қатар Өз­бекстан Республикасынан әкелі­не­тін ауылшаруашылық өнімде­рінің көлемі 5 есеге өсті. Бұл түсімдердің ұлғаюына ықпалын тигізуде. 2011 жылдың 9 айында бюджетке 30 млрд. 630,9 млн. теңге өндірілді. Болжам 24 млрд. 293,8 млн. теңге болатын. Сонда бол­жам­ды орындау 126 пайызды құ­рады. 2010 жылдың 12 айынан бүгінгі күнге бюджетке түскен тө­лемдердің сомасы 4 млрд. 381 млн. теңге артық, немесе 2010 жыл­дың 9 айынан 12 млрд. тең­ге­ге артық. Осындай нәтижеге жеткізген себептердің бірі Кеден ода­ғы мемлекеттерінің ішкі шек­ара­ларының жойылуы, департамент ұжымының мақсатты әрекет етуі. Қыркүйек айында қарыздарды өндіру бойынша біршама жұмыс­тар атқарылып «Қазгермұнай» ЖШС-нан 3 млрд. 912,2 млн. теңге экспорттық баж өндірілді. Кеден органдарының басты ба­ғыт­тарының бірі кеден төлемдері мен салықтарын әкімшілік­тен­ді­ру, төлем түсімдерінің қосымша резервтерін қарастыру болып табылады. – Жергілікті базарларда көк­­өніс және жеміс бағалары қым­баттады. Мұның салдары Қа­зақ­станның Кедендік одаққа кіруіне байланысты деп топ­шы­лай­тындар бар. Осы қанша­лық­ты шындыққа келеді? – Жергілікті базарларда көк­өніс және жеміс бағалары Қазақ­станның Кедендік одаққа кіргенге дейін де өзгеріп отыратын. Жал­пы, барлық бағаның өсуін Кеден одағымен байланыстыра беру дұ­рыс үрдіс емес. Керісінше, биз­нес-құрылымдар мен жәй СЭҚ қатысушылары үшін Кеден одағы бірқатар мәселелерді шешуге кө­мектесті. Қазақстанға көкөніс жә­не жемістердің үлкен бөлігі Кеден одағына кірмейтін көрші Өзбек­станнан әкелінеді. Осы мемлекеттен тауар әкелу шарты бұрын қандай еді, қазір де сондай. Кедендік баж салығы алынбайды, тек 12 пайыз қосымша құн салы­ғы алынады. Сондықтан бағаның өсуі кеденге байланысты деген ұғым негізсіз. Баға Өзбекстанның ішкі рыногындағы бағадан және тасымалдау мен базардағы делдалдар қызметінің бағасынан құралады. – Кеден одағының экономи­калық қауіпсіздігін қорғау – кон­трабандалық тауарлар мен ес­ірт­кі бизнесіне байланысты екендігі белгілі. Сіз басқарған департамент осы бағытта қан­дай жұмыстар атқарып жатыр? – Қазіргі таңда біздің алды­мыз­ға қойылған мақсаттың бірі, бұл үш мемлекеттің оңтүстік шек­­­­арасындағы экономикалық қау­­іп­сіздікті қамтамасыз ету. Яғ­ни, эко­номикаға елеулі залал келтіретін контрабандалық тауарлар­ды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін есірткі заттардың және діни экстермистік, террористік ма­ғынадағы материалдардың кон­тра­бандалық фактілерін айқын­дау, жолын кесу жұмыстарын жүргізу. Осы мақсатта, департамент қызметкерлерімен айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. Нақ­тылай кетсек, «Наша­қор­лық­пен және есірткі бизнесімен кү­рес» бағдарламасын орындау ба­рысында, 2011 жылы шекаралық кеден бекеттерінде жалпы құны 1,7 млрд. теңге шамасында түрлі ке­дендік бақылау техникалық құ­ралдары қойылған болатын. Осы рентген аппараттардың көмегімен тек көлік құралдарына ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаларға да толық бақылау жүргізу мүмкін­ді­гіне ие болдық. Бұл әрине аталған заңсыз іс-әрекеттерге жол бергізбейтін негізгі фактордың бірі. Ал айқындалған фактілердің біріне тоқтала кетсек, Департамент қызметкерлерімен 2011 жыл­­­дың қазан айында жедел іздестіру шараларын жүргізу ба­ры­сын­да Үндістан мемлекетінен Қазақ­стан­ға М. есімді азама­ты­ның атына келген жүкті тексеру кезінде, құжаттарда көрсетілме­ген құ­ны 30 млн. теңге сомасында кон­трабандалық тауарлар анық­тал­ды. Аталған тауарларды кедендік ресімдеуден өткізген жағ­дайда, мемлекетке 11 млн. теңге сома­сын­да залал келтіретін еді. Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 209-ба­бымен қылмыстық іс қоз­ғалып, тергеу амалдары жүр­гізілуде. Әңгімелескен Бақтияр ТАЙЖАН. Оңтүстік Қазақстан облысы.