24 Қараша, 2011

Ірі бизнесте ілгерілеу басым

327 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше елордада «Эксперт-100-Қазақстан» ІІІ Экономи­калық форумы болып өтті. Оған Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Аталмыш басқосуға қатысқан ірі бизнес өкілдері бүгінгі эко­но­микалық ахуал шеңберінде қа­зақ­стандық бизнес қызметінің бір­қа­тар маңызды мәселелерін тал­қы­лады. Атап айтқанда, негізгі әң­гіме ішкі инвестициялық тетіктер тиімділігінің жеткілікті деңгейде еместігіне, инновациялық артық­шылықтар қалыптастыру мен корпаративті басқару мәдениетін дамыту қажеттілігіне қатысты мә­селелер төңірегінде өрбіді. Сон­дай-ақ, шара барысында сала­ға қатысты тақырыптарды қам­ты­ған үш секциялық отырыс  болды. «Эксперт Қазақстан» рейтинг агенттігінің бағалауы бойынша, Қазақстандағы ірі бизнестің 2010 жылғы рейтингі ел экономи­ка­сы­ның дағдарыстың терең фаза­сы­нан шыққанын дәлелдеп отыр. Аталған форумда бұл мәселе жан-жақты айтылды. Форумда тілге тиек етілген мә­ліметтерге сүйенсек, аталмыш рейтингке қатысушы компания­лардың жинақталған табысы 13 трлн. теңгеден асқан. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 25 пай­ыз­ға, 2007 жылмен салыс­тыр­ғанда 50 пайызға артық көрсет­кіш. Мұндай өсім қарқыны «Әлем­нің ең қауырт дамыған экономикасы» дәрежесін иеленуге толық мүм­кін­дік береді. Ernst&­Young мәлі­метінше, осы дәрежені иемденуші мемлекеттер арасында бірінші орында – Катар, екінші орында – Қытай, ал үшінші орында Қазақ­стан тұр. Ал өзіміздегі ішкі ұлттық экономиканың көш­бас­шысы ретінде «Самұрық-Қазы­на» ҰӘҚ» АҚ деп танылды. Оның табысы былтыр 3,6 трлн. теңгені құраса, бұл өткен жыл­мен салыстырғанда 23,9 пайызға көп екен. Сонымен бірге, алғаш­қы ондық биыл «АрселорМиттал Теміртау» АҚ (8-орын) және «Қазцинк» ЖШС (10-орын) сияқ­ты алыптармен толығыпты. Экономиканың негізгілері қа­тарынан саналатын отандық ірі өнеркәсіп компаниялары өткен жылы өз табыстарын 37,3 пай­ызға ұлғайтқан. Дегенмен, өсім­нің басты драйверлері деп өнер­кәсіптің өндіруші саласын айтқан жөн. Әрине, оған әлемдік ры­ноктағы мұнай мен металлдар бағасының өсуі әсер еткені анық. Рейтингтегі барлық компания­лар­дың жиынтық табысының шамамен 71 пайызы мұнай және тау-кен металлургия компаниялары үлесіне тиесілі болған. Мұнай­шылардың табысы 34 пайызға өскен. Елімізде өндірілетін бүкіл қара алтын көлемінің жарты­сынан көбі «Теңізшевройл» мен «Қазмұнайгаз» компаниялары­ның еншісіне тиген. Әрі олардың үлесі жыл санап өсіп келеді. Ал тау-кен металлургия компания­лары өз табысын былтыр 47,7 пайызға арттырған. Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі табыс көлемі өткен жылы – 26,6 пай­ызға, көлік – 24,3, телекоммуникация 16,1 пай­ызға ұлғайған. Өт­кен жылы құ­рылыс компания­ларының табысы 11,4 пайызға төмендеген. 2007 жылдан бері құрылыс саласын­дағы тоқырау жағдайларына тікелей байла­ныс­ты болған ірі банк­тердің де табысы айтарлықтай төмендегені белгілі. Алайда, екінші деңгейлі банктердің соңғы уақытта табыс­тары толыға түс­кен. Бүгінгі күні олар тұрақты өсімін сақтап отыр. Соңғы төрт жыл ішінде екінші деңгейлі банк­тердің қаржы жүйесіндегі үлесі 8 пайыздан 15 пайызға өскен. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.