25 Қараша, 2011

Азамат жолы

468 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін
Бүгінде өмір асуының жетінші белесіне көтеріліп отыр­­­­­ған Нәдірбек Әпсәлемұлының есімі еліміздің Шығыс өңі­­­­­рінен тысқары жерлерге де кеңінен танымал. Оны қалың жұрт­шы­­­лық білікті ғалым, біл­гір басшы, ел қамқор­шы­сы, үлгілі отба­сы­ның отағасы, бір сөзбен айт­қан­да асықпай басып, алыстан ой­лайтын ор­нықты азамат ретінде жақсы біледі. Шалғайдағы Ақ­­су­ат ауылының түлегі мұндай дә­режеге өз еңбегімен жеткені де баршаға аян. Бұл кісінің өзі секілді өмір жолы да қарапайым. Соғыс бас­талған жылдың соңында аудан орталығында тұратын қара­пай­ым отбасында өмір­­ге келді. Әке­­сі Әпсәлем қаржы орган­да­рында салық агенті бо­лып еңбек етті. Шешесі Күл­дә­ка­мал жеті құрсақ кө­тер­се, солардан аман-есен өсіп, ержеткендері мұның апайы Жұл­дыз екеуі ғана. Яғни, қалғандары жастай өмірден ерте озған. Алланың бергеніне шү­кірмен ғұ­­­мыр кешкен ата-аналары ұзақ жасап, бірі сексенінші жылдардың басында, ал екіншісі тоқсаныншы жылдардың ор­та­сында о дүниелік болды. Сөйтіп, олар жал­ғыз ұл­дың ат жалын тартып мініп, ел сый­лайтын азаматқа айналғанын көріп кетті. Бүгінде бәрі есінде. Өмірі ауылдан ал­ысқа ұзап шықпаған әкесі мен шешесі бұл мектепті бітірген соң бір қиырдағы Ташкент қаласын бетке алғанда ешқан­дай қар­сылық білдірмей, ақ баталарын бе­ріп қала берген. Сонда бұл өзінің тия­нақты біліміне сенсе, үлкендер қақ-соғы жоқ ұлдарына сенген. Сөйтіп, сынып­тасы Қадыр Тортаев екеуі Алматыдан да асып, Ташкенттен бір-ақ шыққан. Мұнда байланыс институтына оқу­­ға т­үскен Қа­дыр кейінде облыстық бай­ла­ныс басқар­масының бастығы болып абы­рой­мен қыз­­мет етті, Семей қаласының құр­метті азаматы атанды. Ал сол тұста Алм­а­тыда қалған Болат Сапоров пен Төкен Ибра­гимов сынды сыныптастары да бірі бірнеше ауданды, ал екіншісі Абайдың рес­публикалық қорық мұражайын басқар­ған елге сыйлы азаматтар. Олар да бір баста­рына жететін атақ-абыройдан кенде емес. Ташкентегі Орта Азия қаржы-эконо­ми­­калық институтына оқуға түскенде бұл ең алдымен тілден, сонсоң бас ай­нал­дыратын ыстықтан қиналған. Иә, мұны қалай екендігі белгісіз, бастапқы бетте өзбек тобына жазып жіберіпті. Содан арызданып жүріп әрең дегенде орыс тобына ауысқан. Ал екінші қиындыққа келетін болсақ, ыстық­тан қаталап, суды қанша ішсе де шөлі бір қанбай-ақ қой­ған. Сөйтіп, әбден күйі қа­шып, салмағы елу килодан да төмендеп кеткен. Сонда жасы үлкен өзбек ағайынның бірі сен кешке дейін су іше берме, өліп қала­сың, судың орнына шай іш деп ақыл қос­қанын қайтып ұмытсын! Оқуға төселіп қалған соң бұл бокс сек­циясына барып жүрді. Ал өздерінен бір курс жоғары оқыған Өзбекстанның қазіргі президенті Ислам Каримов волейболмен айналы­сатын. Сол шақта бас шұлғып аман­дасып қа­на жүретінбіз дейді бүгінде еш­қан­дай ар­­­тық-ауыс әңгімеге бейімділігі жоқ Нәкең. Қа­лай десек те, бұлар үлкен спорт­тың со­ңына түспеген. Бір елдің басшы­сында неміз бар, ал біз­­дің кейіпкеріміздің ғылымға бейім­­­ді­­лігі студент кезінде-ақ айқын аңғарылған. Институтты бітірген соң арада бес жыл өткеніне қарамастан, Алматы халық ша­руашылығы институтының аспиран­­тура­сы­на барып түскен. Онда үш жыл оқып ғы­лы­ми диссертациясын өте сәтті қорғап, эко­но­мика ғылымдарының кан­ди­даты атанады. Осы орайда оның Федор Жеребятьев, Саймасай Тәтібеков, Қаби Оқаев, Кеңес Бер­дәлиев, Жақия Әубәкіров, Көпжасар Нәрі­ба­ев, Асылхан Құрманбаев, Дүйсенғали Қаб­диев, Нұр­­ға­ли Мамыров, Владимир Талалаев сын­ды ұстаздарына алғысы шексіз. Шын­ды­ғында бұлар кейінгі шәкірттері мақтан тұтуға әбден лайық жандар ғой. Кейінде Нәкең бұлардың соңғысы­мен ұзақ жыл бірге қызмет етті. Яғни, Владимир Дмитриевич Жамбыл технология инс­ти­тутының Семейдегі филиа­лының дирек­торы болса, Нәдірбек Әп­сәлемұлы бастап­қыда директордың ор­ынбасары, ал кейініректе проректор бо­лып қызмет етті. Бұл кезде кешегі филиал өз алдына жеке шаңы­рақ көтерген болатын. Ғылымда да, оқу ісінде де біршама тә­жірибе жинақтап қалған Нәкең ердің жасы елуге тақаған шағында, нақтылап айтсақ 1990 жылы республика Білім беру минис­трлігінің бұйырығымен соның алдында енді Семей ет және сүт өнер­кәсібі институты атанып, өз алдына жеке отау тіккен оқу ор­нының ректоры болып тағайындалады. Бұл кез кешегі мызғы­мастай көрінген алып им­перияның демігіп тұрған шағы еді ғой. Соның сал­дарынан осыдан үш жыл бұрын бас­талған институттың бас ғимаратының кор­­­пусы тоқтап тұрып қалған. Ал мұның өзі институттың жаңа басшысына үлкен сын еді. Іскерлік қабілет осындайда та­ныл­са керек. Бірақ құрғақ сөзбен іс бітпейді. Құрылысқа қажетті тиісті қаражат табы­ңыз, сізбен содан кейін сөйлесеміз дейді «Семжилгражданстрой» тресінің басқару­шы­сы В.Гончаров. Жөн сөзді жөн деген дұрыс. Содан жа­ңа ректордан маза кетеді. Енді қайт­пек? Ой­лана келіп, институттың бұрын­ғы түлек­терімен бай­­­ланысқа шығады. Ал бұл кезде өз қолдары өз ауыздарына жетіп қалған институт түлектері бар еді. Кешегі шәкірттері мұның сөзін далаға тастамай, бірі қар­жылай, екіншісі материалдай көмектерін көрсете бастайды. Бүгінде Н.Әпсәлемов еліміздің Шы­ғыс өңірі бойынша экономика ғылым­да­рының тұң­ғыш докторы, көптеген ғы­лы­ми мақала­лар­дың, жиырмадан астам оқу құралдары мен оқулықтардың, үш ғылы­ми есептің, төрт монографияның авто­­ры. Мұның сыр­тында оның осы жыл­дар ара­­лығында АҚШ, Голландия, Германия, Куба, Швейцария, Ұлыбри­та­ния, Жапония елдерінде өткен түрлі ғылыми конференциялар мен симпозиумдарда тар­тым­ды баяндамалар жаса­ғанын жақсы білеміз. Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен бер­гі жерде ғалымның екінші тынысы аш­ыл­ды ма дейміз. Соның тағы бір дәлелін­дей оның қай еңбегі болсын ел өміріне қатысы зор. Ал оған мысал керек болса ай­тайық. Мәселен, «Қа­зақ­стан Республикасы­ның агроөнеркәсіп сек­то­ры: қалыптасу және даму мәселелері», «Агро­бизнестің эко­­номикалық негіздері», Ресей ғалымда­рымен бірлесіп жаз­ған «Нарық жағдай­ын­дағы экономи­ка­лық тәуелділік және қау­іпсіздікті қам­тамасыз ету», «Қазақстан­ның қазіргі за­манғы бюджеттік саясаты» атты ғылыми еңбектерінде қазіргі күннің өзекті мәсе­лелері кеңінен қамтылып, талданған. Мұ­ны бір десек, екіншіден білікті ға­лым­­ның ұлағатты ұстаздық жолы ту­ралы да айт­пай кетуге болмайды. Ай­талық, осы кісінің бас­та­масымен елімізде тұңғыш рет тағам өндірісі бойынша төрт техни­калық мамандыққа қа­тыс­ты кандидаттық диссертация қорғау жө­нін­де ғылыми кеңес ашылған. Ол мұның сыр­тында он жылға жуық уақыт Шә­кәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде кан­ди­даттық диссертация қорғау жөнін­де­гі кеңестің мүшесі болды. Осы жылдар ішінде ғалым­ның жетекшілігімен 3 док­торлық, 8 канди­даттық, 10-нан астам магистрлік диссертациялар қорғалды. Бүгінгі күні Нәдірбек Әпсәлемұлы ос­ын­дағы Қазақ қаржы-экономикалық ака­де­мия­сы­ның президенті. Оның нөл­ден бастап негізін қалаған да бір өзі. Аталған жоғары оқу орны жаңа заман­ның тала­бына орай бер­тінде құрылды. Және оның ана бір жылдардағы жаң­бырдан кейінгі саңы­рау­құ­лақтай қаптап кеткен жекеменшік жоғары оқу орын­да­рынан өзгешелігі тіптен де көп. Жоғары оқу орын­­дарында көп жыл басшы бол­ған Нәкең өзінің бай тәжірибесін мұнда да көрсете алды. Сөй­тіп ол бұрынғы теміржол техникумының ғимаратын жаңа тұр­патты материалдық қоры бай жоғары білім ордасына айнал­дыра білді. Мұн­дағы ұстаз­дар құрамы да біліктілікпен іріктеліп, жа­сақталды. Бү­гін­гі күні академия қаржы­сымен екі оқы­тушы Ал­матыдағы Т.Рыс­құ­лов атындағы Қазақ экономикалық уни­вер­ситетінің док­­то­ран­турасында оқып жат­са, жеті оқы­ту­шы PһD докторы, ал жеті оқы­тушы кан­дидаттық диссертациясын сәті­мен қор­ғап шықты. Мұның сыртында академия 2006 жылы Швейцарияның «IN­­SAM» ал­тын медалін иеленсе, ал келер жылы академия президенті Н.Әпсәлемов ғы­лымдағы ерен еңбегімен, басқаша айт­қанда білім беру қызметін Еуропалық білім стандар­ты­мен ұштастыра білгені үшін Сократ атын­дағы «Еуропалық сапа» сыйлығымен (Ұлы­брита­ния, Оксфорд) марапатталды. Қазірде Қазақ қаржы-экономикалық ака­демиясының түлектері рес­­­­публи­ка­мыз­бен бірге шет елдерде коммерциялық банктерде, қаржы-сақтандыру компа­ния­­ларында, басқа да түрлі салаларда жемісті еңбек етуде. Академияның жыл сайынғы тү­­­лекте­рі­нің кемі 80 пайызы жұ­­­­мыспен қамтамасыз етіліп келе жатқаны өз алдына бір әңгіме. Қадірлі азаматтың ғы­лым­дағы, бас­шы­лық қызметтегі өне­гелі өмір жолы ту­ралы айт­тық қой. Енді оның қоғамдағы, жалпы өмірдегі, отбасындағы абзал қа­сиеттері туралы айтпай кеткеніміз жөн болмас. Қо­ғам демекші, жұмысы бастан аса жүріп Нәкеңнің қоғамдық жұмыстан сырт қалған кезі болған емес. Соның дәле­лін­дей әр жылдарда аудандық, қа­лалық және облыстық халық кеңесінің депутаты болып сай­­ланды. Аумақтық сайлау ко­мис­сиясының төр­ағасы, өткен жылғы Қазақ­стан Республи­касы Президентін кезектен тыс сайлау кезінде Мемлекет бас­шы­сының сенімді өкілі бол­ғаны және бар. 2005 жылы Нәкең тізгінін ұстап отыр­ған академияда еліміз бойынша тұңғыш рет батыр­­лар мұражайы ашылса, ол да рек­тордың, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғы­лымдары ака­демиясының ака­­демигінің өз бас­тамасы. Мұ­­­ражай көшпен­ді­лер­дің мың­­даған жылдық мәде­ние­ті мен дәстү­рі­нің үлгісіндей киіз үй-ша­ңырақ стилінде са­­лын­ған фойеге орн­а­лас­қан. Академияда ана бір жылы Ба­тырлар қо­ры­ның президенті Нәдірбек Әпсәлем­ұлы­­­ның бас­­тамасымен академия­да «Қаракерей Қа­бан­бай және отан­танудың өзекті мәсе­ле­ле­рі» атты рес­пуб­ликалық кон­ференция өткізілді. Нәкең бүгінде тек студенттердің ғана емес, ел қамқоршысы атанып отыр. Сө­зіміз құрғақ болмас үшін оған да мысал келтіре кетейік. 2009 жылдың көкте­мін­де Тарб­аға­тай өңірінде таудың күрт еріген қар суы Базар, Боғас өзендерінің арнасынан асып, тө­мендегі Жәнтікей, Көкжыра ауылдарының үй, қора-жай­ларын жайпап кетті. Сондай қысылшаң шақта Нәкең бастаған ел аза­мат­тары елдіктің үлгісін көрсетті. Соған орай академияда арнайы штаб құрылды. Бас­та­рына іс түсіп, қиындыққа тап болған жергілікті халыққа көмек ретінде азық-түлік, киім-кешек, тіпті отын, мал азығына дейін тиелген бірнеше «КамАЗ» көлігі жіберілді. Тіл-аузымыз тасқа дейік, Нәдірбек аға­мыз отбасында да бақытқа кенелген жан. Құдай қосқан қосағы Зоя Темір­хан­қызы денсаулық сақтау саласында мінсіз қызмет еткен ақ желеңді абзал жан. Сол кісімен бірге бүгінде төрт ұл мен қыз, олардан сегіз немере сүйіп отыр. Ба­лаларының үлкені Ерболат Нәдірбекұлы Әпсәлемовтің есімі бүгінде бүкіл республика жұртшылығына кеңінен танымал, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Кезінде ол «Болашақ» бағдарламасы бой­ын­ша АҚШ-та білім алып келген соң Семейдегі ірі кәсіпкерлер сапынан табыла білді. Қызы Гауһар өзінің оң қолы, яғни ака­демияның вице-президенті. Екінші ұлы Бекболат та Түркияда білім алған талап­ты азамат, бү­гін­де қала көлеміне таныл­ған кәсіпкер. Ал кенжелері Әлішер болса АҚШ-тағы Бостон универси­теті­нің төр­тінші курс студенті. Міне, бүгінгі күні сөз басында айт­қан­дай өмір асуының жетінші белесіне көте­рі­ліп отырған азамат жолы осындай. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Семей. –––––––––––––– Суреттерде: Нәдірбек Әпсәлемов жұмыста және академия түлектерімен.