25 Қараша, 2011

Қысқа қапысыз қамданған кәсіпорын

353 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Ақтөбе қаласы – еліміздегі ірі мегаполис­тер­­­дің бірі. Облыс орталығында 400 мыңнан астам халық тұрады. Оған жүздеген мекемелер мен ұй­ымдарды, кәсіпорындарды қосыңыз. Осын­ша­­ма тұрғыны бар, өндірісті шаһарды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ету өте күрделі шаруа. Бұл өңірде алты ай қыс болатынын ескерсек, бұл жұмыстың жауаптылығы, сірә арта тү­се­тіні белгілі. Қалалықтардың қыста қысыл­мауы­ның негізі көп жағдайда жаздағы атқарыл­ған шаруа­ларға тәуелді екені де рас. Қаланы жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін «Транс­энерго» акционерлік қоғамының директо­ры Мә­жит БЕКМЕЕВПЕН әңгімеміздің жылу беру маусымына дайындықтан басталуы да сондықтан. – Қазіргі кезде біздің акционерлік қоғам 207 шақырым магистралды және таратушы желілерін, 22 қазандық, 9 сорғы стансасы, 79 топтық жылу бекеттерін пайдалана отырып, қаланы жы­­лумен және сумен қамтамасыз етуде. Кә­сіпорында қалыптасқан жұмыс дағ­­дысы бұл міндетті ойдағыдай орындаудың негізгі алғы­шарты болып табылады. Желілік аудандардың қалыпты жұмыс істеуін қам­­тамасыз ету үшін кәсіпорында арнайы электр шаруашылығы, газ қызметі, қазандықтың ішкі газ желілерін күтіп-қарау және жөндеу, жы­лу желілері және еңбек қорғау және қау­іп­сіздік техникасы бөлімшелері құрылған. Қа­зан­дықтар жабдығын жедел басқару үшін тәу­лік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді. Биыл жоспарға сәйкес 6,6 шақырым жы­лу желілері жөнделді. Оның ішінде, бюджет қа­ра­жаты есебінен 558,5 млн. теңгеге 2,8 шақы­рым жылу желілері жаңғыртылды. Тарифтерде көздел­ген қаражат есебінен 130,1 млн. теңгеге 2,89 ша­қырым жылу желілері күрделі жөн­деу­ден өткі­зіл­ді. Бұдан басқа «Транс­­­энер­го» АҚ Ақтөбе қала­сын 2010-2012 жыл­да­ры жылумен жабдықтау жүйе­сін дамыту, жаң­ғырту және жетілдіру бой­ынша инвес­тиция­лық бағдарлама әзірледі. Ол тарифтерде көз­дел­ген қаражат есебінен жүзеге асы­ры­­­ла­ды. Осы бағдарлама бой­ын­ша 2011 жылы ұзын­дығы 0,93 шақырым жы­лу желілері жаң­ғыр­тыл­ды. Ағым­дағы жөн­деу жос­па­рына сәй­кес би­ыл 200,4 шақырым жылу желілері, жы­лу каме­ра­ларында 8197 дана ысыр­малар тексерілді, 79 эле­ватор торабы, 22 қа­зан­дық, 9 сор­ғы стансасы ағым­­дағы жөндеу­ден өт­кі­зілді. Біз жылу мен ыстық суды тұтынушы­ла­ры­мызға кідіріссіз жеткізіп тұрмыз. Көп жағ­дайда үйле­рінде жылу мен ыстық су болмаса бізді жаз­ғыра бастайды. Ал, мұнда кондоминуимдар мен пәтер иелері кооперативтерінің са­лақ­тығы ескеріле бермейді. Мұны ақталу үшін айтып отырғаным жоқ, шындығы да солай. – Жылу беру маусымына тиянақты әзір­лен­гендеріңіз байқалады. Осы атқа­рыл­ған жұмыстардың сапасы қандай, ал­ты ай қыс бойы үздіксіз жылу беруге кепілдік бере ме? – Біздің жұмыста атүстілікке жол беруге бол­­майды. Бұл кейін үлкен апаттарға соқты­ра­ды, ба­сы артық шығынға батырады. Ең басты­сы, тұр­ғын­дардың біздің қызме­тімізге деген сеніміне сел­кеу түсіреді. Мұндай жағдай болмас үшін «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-мен бірлесіп ты­ғыз­дық пен беріктікке жылу желілері гидравлик­а­лық сынақ­тан өткізілді. Гид­равликалық сынақ нәтижесінде магистралды және ішкікварталдық жылу желіле­рі­нің әлсіз жерлері анықталып, олар уақытылы қалпына келтірілді. «Казахэнер­гоэкспертиза» АҚ сараптау ұйымы жылумен жабдықтау нысан­да­ры­ның яғни, 22 қазандық, 9 сорғы стансасы, 207 ша­қырым жылу желіле­рінің әзірлігіне кешенді тексеру жүргізді, актілер рәсімделіп, сараптама қоры­тындысы алын­ды. Қала әкімінің шешімі бойынша шаһарды жылыту маусымы 1 қазаннан басталды. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған және резервтегі бар­лық жабдық қандай да жүктеме көтеруге әзір. Қазандықтардың күзгі-қысқы ке­зең­де үздік­сіз жұмыс істеуі үшін «ҚазТранс­Газаймақ» АҚ об­лыстық филиалымен көлемі 14719,8 мың текше метр газ жеткізуге шарт жасалды. 64 қазанды жуу және сығымдау жұ­мыстары жүргізілді. Бар­лық қазандықтарда қа­зан­дар жұмысшы, сынама қы­сым­мен гидравли­ка­л­ық сынақтан өткізілді, қазан­дарда сақтандыру клапандары реттелді. Маман­дандырылған ұйым 22 қазандықта тү­тін­діктерді, желдету арналарын тексерді. Толық кө­л­емде реле қорғанысы және автоматика құрыл­ғыларын, ӨЖА құралдарын, электр стансалары және желілерін техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес күтіп-қарау ор­ындалды. Қазан­дық­тарда және сорғы станса­ларында электр жаб­дығының жұмысы сенімді болу үшін сорғы­лардың электр қозғалт­қыштары және электр стансаларының резервтік қозғалт­қыштары ағым­дағы жөндеуден өткізілді. – Кездейсоқ болатын оқиғалардың алдын алу үшін қандай сақтандыру шара­лары алынды? – Қалалық сумен жабдықтау жүйесінде бо­­луы мүмкін іркілісте қазандықтарда сал­қын су қоры жасалды және қажет болған жағдайда әр қазан­дық­қа су жеткізу үшін ар­найы автомобильдер бө­лінді. Барлық қазан­дықтар бастапқы өрт сөндіру құралдарымен жарақтандырылып, өрт бекітпелері орнатыл­ды. Қолданыстағы желілер­дің шегінен шы­ғып тозуына байланысты магис­тралды жылу желілерінде кірме аралары қайта қосылатын бо­лып қарастырылған. Төтенше жағдайларды жою үшін кәсіпорында желілік аудандар және авто­кө­лік цехы жұмысшы құра­мынан тұ­ратын апаттық-техникалық команда құрыл­ды. Апаттық-техни­ка­лық команда мате­риал­дық-техникалық құралдар­мен жабдықтау нор­маларына сай толықтай жа­рақ­тандырыл­ды. Жылумен жабдықтау желілерінде апатты жағ­дайларда пайдаланылатын құбырлар мен арма­ту­раның қажетті қоры жасалды. – Дебиторлық қарызды азайту мақса­тында не істелуде? – Тұтынушыларды толық қамту үшін қаланың тұрғын аудандары 57 учаскеге бө­лінді және әр учаскеге абоненттермен тікелей жұмыс істейтін бақылаушы бекітілді. Әр абонентке көрсетілген қызмет үшін уақтылы шот беріледі. Екі ай абоненттен төлем түспеген жағдайда ескерту жаса­ла­ды, 10 күннен кейін абоненттің ыстық суы жабы­ла­ды, 20 күннен кейін қарызды өндіріп алу үшін сотқа материал беріледі. Абоненттермен жұмыс істеуге оңтайлы болу үшін қала бойынша бес есептесу қосыны жұмыс істейді. Оларда абоненттер өздерін толғантқан сұрақтарға жауап алады, салыстырып тексере алады. Есептесу орта­лық­та­ры банктердің есеп­тесу-кассалық бөлімшеле­рін­де, «Қазпошта» АҚ және «Трансэнерго» АҚ-ның өзінде орналасқан. Барлық банктерге нысандарды аукционнан сатқан кезде коммуналдық қарыз­да­рын ескеру қажеттілігі жөнінде хабарланады. Бүгінгі таңда алашақты өндіру үшін сотқа 114,891 млн. теңгеге 3706 талап-арыз берілді, со­ның 70,998 млн. теңге болатын 2231-і қа­рал­ды. Кә­сіп­орында энергияны үнемдеу мә­се­ле­­ле­ріне баса назар аударылады. Энергия ресурс­та­рын үнем­деу мақ­­са­тында және «Та­биғи монополиялар және реттелетін нарық туралы» ҚР Заңын орындау үшін «Транс­энерго» АҚ жылу қуатын есепке алу аспап­тарымен қамтылған тұтыну­шы­лар санын көбейту бойынша ауқым­ды жұмыс атқарып келеді. Мы­са­­­­­­лы, акционерлік қоғам 6,0 млн. теңгеге 1200 жеке есептеуіш аспабын ор­натуға «Теплоуют» ЖШС-мен шарт жасасты. Бү­гінгі таңда жеке есептеуіш ас­паптары бар тұ­тынушылар саны 94 пайызға жетті. Міне, осындай жоспарлы жұмыстар­дың қай­та­­рымы да жаман емес. Жылу мау­сым бастал­ған­нан бергі екі айда кәсіпорын қалыпты жұмыс істеуде. Қалған уақытта да бұл ырғақтың бұзы­л­май­ты­нына сенім мол. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе.