01 Наурыз, 2018

Қазақ халқының даналық философиясы

1729 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығы­мен 2016 жылғы қаңтарда бекітілген Алғыс айту күні тамыры тереңде жатқан бірлік пен жана­шырлықтың, халықтардың дәстүрлеріне құрметпен қарау ретінде айшықталады. Алғыс айту күні АҚШ-та, Канадада ұлттық мереке ретінде аталып өтілсе, ал Англия мен басқа да елдерде терең дәстүрге ие.

Қазақ халқының даналық философиясы

Тарихқа көз жүгіртсек, тағдыр тәлкегімен Қазақ­стан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос­тардың миллиондаған өкілдері келді.

Тұтастай алғанда 20 ғасырдың басынан бастап, тарихшылардың айтуынша, Қазақстанға 5,6 миллион адам әкелінген. Қазақ отбасыларының өздері ауыр экономикалық жағдайларды бастан кешіп, бұрын-соңды болмаған репрессияға ұшырап жатса да, қоныстанушыларға қолдау көрсетті.

Қазақ этносының ортақ тарихи тағдыры – ерекше төзімділік, олардың көзқарастары мен ұмтылыс­тарын қалыптастырып, ортақ құндылықтар мен мұраттарды нығайтты.

Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіздік күні қарсаңында жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында егемен ел дамуының күрделі кезеңі, жаңа әлеу­меттік-саяси институттарды қалыптастыру сипат­талады. Онда Елбасы «1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы – мәдениет пен ұлттар­дың диалогына қажетті айрықша қоғамдық алаң. Біздің еліміз жаһандық конфессияаралық диалогтың орталығына айналды: 2003 жылы Астанада тұңғыш рет шақырылған Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезі сол уақыттан бері жүйелі түрде өткізіліп келеді. Алғашқы күн­нен-ақ конструктивті сипатқа ие болған біздің сырт­қы саясатымыз «көпвекторлылық қағидатына» негіз­делген. Көршілермен татулығының арқасында Қазақ­стан тарихта тұңғыш рет нақты құжаттармен рәсім­делген, халықаралық қоғамдастық мойындаған шекараға ие болды», деп атап өтеді.

Мерекенің басты мазмұны – Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық және конфес­сияаралық қатынастар саласындағы теңдесті­рілген және көреген саясаты, қазақстандықтардың жоғары мәдениеті мен даналығы, ұлттар арасындағы бейбіт­шілік пен келісімді нығайту. Ол біздің жүрегімізге жақын, біздің еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі болып табылады.

Отандық тарихтың тәжірибесі мен сабақтары шынайы гуманизмнің мыңдаған мысалдарын, шынайы ризашылық пен риясыздықтың дәлелі. Ондаған жылдар бойы миллиондаған адам тағдырларының араласуы, жүздеген этностық топтардың дәстүрлері мен өмірлік негіздерін ендіру және өзара байыту бірегей рухани байлыққа ие болу, бірегей мәдениетті және прогрессивті ұлт қалыптастыруға мүмкіндік берді.

«Қазақстан тәуелсіздік жылдарында дәл осындай өз ұстанымын тауып, әлемге өз стратегиясын көрсетті, ұлтаралық келісімнің өзіне ғана тән іскерлік үлгісін жасады. Әрине мұндай үлгіні жасау уақыт, тұрақты күш-жігер мен ерен еңбекті талап етті, алайда нәтиже сол еңбекке татитын: қиын жағдайда біз байырғы қазақ жерінде тіршілік етіп жатқан барлық азаматтар мен этностардың патриотизміне және азаматтық жауапкершілігіне өзара түсіністігі мен толеранттылығына негізделген айрықша үлгі жасап шығардық», деп Елбасы «Тәуелсіздік дәуірі» кіта­бында заманауи тарихтың бұл күрделі кезеңін сипаттаған.

Алғыс айту күнінің басты мақсаты – қазақтар­ды және барлық этникалық топтарды бір-біріне қол­дау көрсету арқылы ортақ тарихтың, бірлес­кен қиындықтардың ұжымдық естелігі негізін­­де қазақ­стандық сәйкестілікті нығайту және дамыту. Осы ретте, негізгі мақсаттар қатарын атап айт­сақ: барлық этностық топтардың бір-біріне және қазақ­тарға әлеуметтік үйлесім мен ұлттық бірлік факторы ретінде алғыс білдіру; Қазақстанның аума­ғында әртүрлі этностардың пайда болуы, сақ­талуы және даму тарихы туралы білімді тереңдету; қоғамда депортацияланған халықтар тағдырында қазақ халқының ерекше рөлін сезінуді күшейту; қазақстандық патриотизм, азаматтық және рухани-мәдени қоғамдастық негізінде «Мәңгілік Ел» ұлттық патриоттық идеясымен біріктірілген қазақстандық сәйкестік пен бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру; қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті, этностық топтардың достығын нығайту; қазақ халқының және барлық қазақстандық этностық топтардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу.

Айта кету керек, Қазақстан халқы Ассамблеясына бейбітшілік пен келісімнің президенттік саясаты­ның салтанатына айналған Алғыс айту күні ұйым­да­с­тырылуының үйлестірушісі болу тапсырылды. Осы мақсатта кең ауқымды ҚХА «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жобасы жүзеге асырылуда. Оның шең­берінде елімізде бірқатар шаралар қолға алынуда. Мысалы «Алғыс айту – парызым» атты жоба бойынша 2017 жылы жеті мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылып, үш миллионға жуық адам қамтылды. Президентке 800-ден астам хат жолданды, оның 30-дан астамы шетелдерден келген. Дәстүр бойынша іс-шара­лар түрлі қайырымдылық акциялармен, жобалармен жалғасуда. Сондай-ақ «Алғыс философиясы», «Отбасы арқылы алғыс» сияқты халық­тың түрлі санатын қамтитын көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мұнда әрбір адам бақытқа қол жеткізе алды. Олар қазақ халқына алғыс айтып, жомарттық, даналық пен қонақжайлылық үшін ризашылық білдірді.

 Алғыс айту күнінің екі жылдық тарихында бұдан басқа да шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылуда. Жеке тоқталатын болсақ, науқас балаларға қолдау көрсету мен емдеуге бағытталған «Мейірімділік керуені» ұлттық акциясының шеңберінде «Қоржын» қайырымдылық шарасы, оқу және басқа мекемелерде алғыс тақырыбына арналған «Тарих ғибраты» сабағының он жылдығын атап өтуге болады.

Осылайша Қазақстанда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев­­­тың сындарлы саясатының нәтижесін­де барша халық тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен ынтымақтастықта өмір сүруде.

 

Владимир БОЖКО,

Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, «Орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары