26 Қараша, 2011

Әлеуетті энергетика – қуатты Қазақстан

789 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
Еліміздің өнеркәсіп орталықтарын энергиямен қам­та­масыз етудегі сенімділік пен сапаның артуы – «Эл­ектр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компа­ния­сы» акционерлік қоғамының ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғында жеткен жетістіктеріне қосқан өзіндік үлесі саналады. Ел тарихындағы осы мерейлі мерекені мыңдаған қыз­меткері бар ұжым – электр энергетикасы инфра­құ­ры­лы­мын дамытудағы ауқымды жобаларды табысты жүзе­­­­­ге асырумен қарсы алып отыр. Бүгінгі күні мем­леке­ті­міздің энергетикалық жүйесі әлемнің озық елдерімен терезесі тең әрі технологиялық тұрғыдан да та­бысты жұмыс істеуде. Жаңадан іске қосылған аймақаралық электр жеткізу желілері өндірісті аймақтардың тұрақты дамуына жол ашып, еліміздің энер­ге­тикалық тәуелсіздігін нығайтып отыр. Осы орайда біз электр желілерін бас­қару жө­ніндегі ұлттық компанияның құрылу тарихы мен қалыптасу кезеңдері туралы «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан ҚАЖИЕВТІ әңгімеге тартқан едік. – Бақытжан Төлеуқажыұлы, алдымен өзіңіз жетекшілік етіп отырған жүйелік оператордың алғаш құрылған сәті мен Тәуелсіз Қазақстанның электр энергетикасы саласын қалыптастыру кезеңінің өзіндік ерекшеліктері туралы айтып өтсеңіз. – 1991 жылы Қазақстан еншісіне тиген Ұлттық электр торабының құрылымы (бұдан әрі – ҰЭТ) КСРО-ның біртұтас энергия жүйесінің бір бөлігі ғана болатын. Осы бір аумалы-төкпелі заман одақтың бұрынғы тұрғындары мен қа­­­­зақ­стандықтар үшін электр жарығының жиі сө­нуі­мен және қараңғылыққа оранған қала көше­ле­рімен есте қалары сөзсіз. Қазақстан Респуб­ликасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі – ҚР БЭЖ) оқшауланған тәртіпте жұ­мыс істеуі әлеуметтік тұрғыдан да, экономикалық жағынан да біршама қиындықтар туғызды. Еліміз егемендігін алған уақыттағы саяси өз­геріс­тер энергетика саласына толықтай әсерін тигізді. Бұған мынадай мәліметтер дәлел бола ала­ды: Мәселен, 1996 жылы елімізде электр энер­гиясын тұтыну 1990 жылмен салыстырғанда екі есеге азайып, 100-ден 50 млрд. кВт сағатқа дейін кеміді. Қиындықтың күрделене түсуіне көптеген кәсіпорындардың өздері тұтынған электр қуа­ты­на дер кезінде ақы төлей алмауы да себеп болды. Сөйтіп, қуат көзін өндіруден бастап жеткізіп, таратуға дейін бір орталықтан басқарылатын салада түбегейлі өзгерістер басталды. Өтпелі кезең он жылдай уақытқа созылды, ал 2000 жылға қа­рай Қазақстанның энергетикалық саласы қарым-қатынастардың нарықтық жүйесіне көше баста­ды. Электр энергиясы нарықтық баға бойынша ақы төленетін тауарға айналды. 1996-97-жылдары электр энергиясын өндіру, беру және жеткізу секторларына да құрылымдық өзгерістер енгізіле бастады. Жеке электр станса­лары, өңірлік электр желілері мен электр энер­гия­сын сатып алып, өткізетін компаниялар құры­ла ба­с­­тады. «Қазақстан­энер­го» ҰЭТ-тың қалған активтері негізінде мемлекет­ара­лық және айма­қ­аралық электр жеткізу желілері мен диспетчерлік қыз­мет­ті мемлекет өз қарамағында қал­дырды. Міне, осы­лайша 1997 жылы «KEGOC» АҚ Ұлт­тық ком­па­ниясы құрылып, оған 2004 жылы ҚР БЭЖ Жү­йе­лік операторының жұмысын атқару жүктелді. – «KEGOC» АҚ электр қуаты нарығының бар­лық қатысушылары үшін төреші ретінде олардың Ұлттық электр торабына тең жағ­дайдағы қолжетім­ділігін қамтамасыз етеді. Бұл торапқа қандай құрылымдар кіреді және компания өзі қызмет ат­қарған кезеңде қандай жобаларды жүзеге асырды? – Ұлттық электр торабы (бұдан әрі – ҰЭТ), бұл – 74 қосалқы стансадан, сондай-ақ, жалпы ұзын­­­дығы 24 мың шақырымнан асатын кернеуі 220 кВ-тық әрі, одан да жоғары аймақаралық және мем­лекетаралық электр жеткізу желілерінен тұрады. ҰЭТ-қа кіруді ұйымдастыру қызметінен басқа KEGOC компаниясы торап жұмысының сенімді де сапалы болуына, іргелес мемлекеттердің энер­гетикалық жүйелерімен жүргізілетін өзара іс-қимыл шараларына жауап береді. Компания осы мақсатта электр энер­ге­тикасы инфрақұрылым­да­рын дамытуға бағытталған бір­­қатар серпінді жо­ба­ларды қолға алды. 2000-2010 жыл­дар аралы­ғын қамтитын қалыптасу кезеңінде «KEGOC» АҚ Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметінің тікелей қолдау көрсетуімен бірқатар ірі инвес­тициялық жобаларды жүзеге асырды. 2009 жылдың қыркүйек айында Елбасының қа­­­­­ты­суы­мен «Қазақстанның Солтүстік – Оңтүс­тік» транзиті­нің 500 кВт-тық екінші электр жеткізу желісі іске қосылды. Осы ауқымды жобаны жүзеге асыру Қазақ­станның оңтүстік өңірін қуат көзімен қамтамасыз етудегі сенімділікті арт­ты­рып, елі­мі­з­дің энергетикалық қауіпсіздігін нығайта түсті. 2009 жылдың ақпанында 500 кВт-тық «Жі­тіқара – Өлке» әуе желісі іске қосылды, ол Ақ­төбе энергия тора­бын ҚР БЭЖ-мен қосып, өнер­кәсіпті өңірдің дамуына жаңа мүмкіндіктер аш­ты. Ұзындығы 500 шақырым болатын аймақ­ара­лық бұл желі билік пен бизнестің серіктестік шарт талаптарына сай салынды. Құны 20 млрд. теңгеге жуық жобаны «БатысТранзит» акционерлік қоғамы (акцияларының 20% «KEGOC» АҚ-ға тиесілі) біздің компаниямен бірлесе отырып, қа­зынаның қаржысын шығындамай-ақ іске асырды. Жоба ойдағы­дай жүзеге асқандықтан, Ақтөбе облысының тұтыну­шы­лары 2009 жылдан бастап Екібастұздан арзан электр қуатын алып, әрі шетелдік жеткізушілерге де тәуелділіктен арылды. Компания еліміздің энергетикалық тәуел­сіз­дігін қам­тамасыз етуге бағытталған салалық ірі инфрақұры­лымдық жобаларды жүзеге асырып келе жатқанын атап өту қажет. Сондықтан мемлекетіміз, Үкімет пен Жалғыз акционеріміз сан­а­ла­тын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» компанияның қа­­­жет­ті өтімділік деңгейін қолдап, жобаларды жү­зеге асы­руға мемлекеттік кепілдікпен қаржы бөліп келеді. Осындай қолдау көрсету компаниямызға өт­кен жыл­дың желтоқсан айында «Ұлттық электр то­ра­бын жаңғырту, 1-кезең» жобасын ойдағыдай аяқ­тап, жоба­ның 2-кезеңін бастауға, «Қазақ­стан­ның ҰЭТ-қа кернеуі 500 және 220 кВт-тық электр желілерімен қосылатын 500/220 кВт Алма ҚС салу» және «Мойнақ ГЭС-інің қуатын беру» жоба­ларын іске асыруды бастауға мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде Қазақстан энергетиктерінің электр желілерін салудағы қол жеткізген жетістіктері ТМД бойынша өз әріптестері арасында ешқандай күмән тудырмайтын толағай табыстармен ерекшеленеді. Соңғы жылдары жоғары вольтті электр жеткізу желілерінің ұзындығы 1700 шақырымға ұлғайды – жаңа желілер тартудағы мұндай қар­қын тек қана дамыған елдерге тән. Осы аталған жобаларды іске асырудың арқасында қызмет көрсету кәсіпорындары құрылды, мыңнан астам тұрақ­­ты жұмыс орындары ашылып, электр энергетикасы саласына қажетті өнімдердің жаңа түрлерін шығару жұмысы жолға қойылды. – Компания жұмысындағы негізгі бағыт­тар­дың бірі – көршілес мемлекеттердің энер­гия жүйелері­мен өзара іс-қимыл жасау, осы саладағы халық­аралық ынтымақтастық неден басталған еді? – 1997 жылы, «KEGOC» АҚ құрылған кезең­нен бастап Ресей БЭЖ-і, Қырғызстан БЭЖ-і және Орталық Азия БЭЖ-інің қатарлас жұмыс істеуін қалпына келтіру үдерісі басталған болатын. Ел­дің электр энергетикасы саласында жүргізіл­ген қайта құрулар электр энергия­сының ашық бәсе­ке­лестік нарығын құруға, ақы төлемеу мәсе­ле­лерін шешуге және шекаралас елдердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қалпына келті­ру­дің алғышарттарын жасауға мүмкіндік берді. Тарап­тар­дың ТМД Электр энергетикалық кеңесі аясында өзара іс-қимыл жасауы маңызды рөл атқарды. Осы сала төңірегінде түрлі мәсе­лелер бойынша ортақ қоры­тындыға келіп, бірлесіп атқарған жұмыстарымызға қатысты бірыңғай шешім қабылдаймыз. Ұзақ уақыт бойы жүргізілген келіссөздер мен 2000 жылдың 15 маусымында «KEGOC» АҚ пен «Ресей БЭЖ» РАҚ арасында жасалған шарт нәтижесінде Қазақстан БЭЖ мен Ресей БЭЖ арасындағы қатарлас жұмыс қал­­­­­пына келді, ал 2000 жылы қыркүйекте Қа­зақстанның, Ресейдің, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Түркімен­стан мен Өзбекстанның энергия жүйелері бірікті. «KEGOC» АҚ-тың 2010 жылғы мамырда ресейлік энергия субъектілерімен: «ФСК ЕЭС» ААҚ-пен, «СО ЕЭС» ААҚ-пен, «ИНТЕР РАО ЕЭС» ААҚ-пен жасаған жаңа келісім-шарттар топ­тамасы жұмысымызды жаңа бір сапалы ке­зеңге көтерді. Бұл келісімдер Ресей мен Қазақ­стан энергия жүйелерінің үйлесімді жұмысын реттеп, әрі энергетиктерге қос елдің тұтыну­­­шы­лары үшін бірлескен жұмыс артықшылықтарын барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен бірге, екі мемлекет басшылары жария еткен бірыңғай эко­номикалық кеңістік – біртұтас энергетикалық кеңістікті құру жөніндегі интеграциялық үдерістерге жол ашты. Халықаралық қатынастарға келетін болсақ, ЕВРО­ЭЛЕКТРИК қауымдастығымен ынтымақ­тас­тықта көп тәжірибе алдық, АҚШ Энер­гет­и­калық қауымда­ст­ы­ғымен байланыс жолға қой­ыл­ды. 2009 жылдан бастап компанияның өкілдері «KazEnergy» Қазақстан мұнай газ және энер­ге­тикалық кешені ұйымдары қауымдас­тығының» құрамында Дүниежүзілік энергетикалық кеңес жұмысына қатысып келеді. – Бақытжан Төлеуқажыұлы, жалпы KEGOC бренді және акционерлік қоғамы ту­ралы әңгіме бола қалса, көпшілік оған өзде­рінің оң бағасын беріп жатады. Компанияның жүріп өткен жолы мен алған бағыты қан­шалықты табысты болды, осы табыс көзі неде деп ойлайсыз? – ҚР БЭЖ Жүйелік операторының қалып­тасқан және қазіргі таңда қолданылып отырған жұмыс тәсілі уақыт сынынан өткен сәтті жоба. Оның тиімділігіне «KEGOC» АҚ тарапынан Қазақстан ҰЭТ-ты жаңғыр­туға тартылған 1 миллиардтан астам АҚШ доллары нақты дәлел. Осы қаражаттың 55 пайызы Еуропа Қайта құру және даму банкінің 2008-2011 жылдар аралығын­да кепілсіз берген қарыз қаражаты. 2010 жылы «KEGOC» АҚ-тың 2025 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы бекітілді. Онда Қазақ­стан БЭЖ жұмысының сенімділігі мен оның тиімді дамуын заманауи талаптарға сай қамтамасыз етуге қа­тысты Үкімет пен Жалғыз акционердің алдына қойып отырған міндеттерін жүзеге асыру жолындағы компания қызметінің негізгі бағыттары айқындалды. «KEGOC» АҚ-тың негізгі мақсаты – әлемдік дең­гейдегі бәсекеге қабілетті компанияға айналу. Бұл Қазақстан БЭЖ жұмысының сапасы мен сенімділігін, әлемнің үздік электр желілік компа­ниялары деңгейіне жетуді, акционерлік жарна­ның тұрақты өсуін, Қазақ­стан мен ТМД-да корпоративтік даму деңгейі бойынша көшбасшы болу дегенді білдіреді. Компанияның теңгерімді, бірақ мақсаты зор инвестициялық бағдарламасы бар. Таяу жыл­дарда алға қойылып отырған басты міндет – Астана және Алматы энергия тораптарының энер­гиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету. Қазақстанның Солтүстік – Оң­түстік транзитін шығыс өңірлері арқылы одан әрі күшейту және жаңа желілер, оның ішінде мемлекет­аралық электр жеткізу желілерін салу. Ауқымды жобаларды іске асыруға байла­ны­с­­ты жинақталған мол тәжірибе, Президентіміз Н.Ә. Назар­баев­тың электр энергетикасы саласын дамыту мәселе­сіне ерекше көңіл бөлуі, Үкі­ме­ті­міз бен Жалғыз акционер тарапынан қажетті қолдау көрсетілуі – «KEGOC» компаниясының болашаққа зор сеніммен қарап, алға қой­­ылған күрделі міндеттерді шешуіне мүмкіндік беруде. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Марат АҚҚҰЛ.