02 Желтоқсан, 2011

Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ

1341 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәң­гілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздік­тің арқасында қол жеткіздік. Тә­уелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Мемлекет тәуелсіздігі кезеңінде Қазақстан демократиялық мемлекет негіздерін құру үшін кең ауқымды сая­си, экономикалық және әлеуметтік рефор­маларды жүзеге асыруда ай­тарлықтай  ілгерілеуге қол жеткізді. Бұл ретте мемлекет саясатының бас­ты артықшылығы – денсаулық сақ­тауды дамыту. Ана мен бала денсау­лығын қорғау мәселелері, туудың артуы, бала мен ана өлім-жітімінің азаюы, медициналық-демо­графиялық жағдайдың жақсаруы елі­міздің да­муына үлкен ықпалын тигізді. Осы­ның арқасында ана мен бала ден­саулығының негізгі көрсеткіштері 1991 жылы 1000 жаңа туылған бала­ның ішінде нәресте өлімі 19,6 % болса, ал 2010 жылы 16,5-ке дейін азайды. Ана өлімі 1991 жылы 60,9 % құраса, ал 2010 жылы 23,1-ге дейін азайды (100 мың жаңа туылған баланың ішінде). Стратегиялық түсі­нік тұрғысынан ха­лық­тың саулығы, ел мен мемлекеттің болашағы тікелей ана мен бала ден­саулығына бай­ланысты. Елбасымыз медициналық көмек са­пасының  одан әрі жақсаруы мен жо­ға­ры технологиялық денсаулық сақтау жүйе­сінің дамуын қазақстан­дықтардың өмір сапасын артты­ру­дағы негізгі ар­тықшы­лықтардың бірі ретінде жариялады. Орталықта дене салмағы өте тө­мен және төтенше төмен жаңа туыл­ған сәбилерге күтім жасау, цере­браль­ды және инфекциялық пато­логиясы бар жаңа туылған сәбилерді емдеу, асқазан-ішек жолы, жүрек-тамыр, қолқа-өкпе, зәр шығару жү­йелері да­муы­ның  туа біткен ақауы, қан ауру­лары бар бала­ларды хи­рургиялық және консервативті жолмен емдеу әдістерін жетілдіру, ба­ла­лардағы муковисцидоз, қолқа демікпесі, целиа­кияны емдеу мәселе­лері енетін ірі ғылыми-зерттеулер қатары жүргізіледі. ПжБХҒО-да ғылыми-зерттеулер мен өңдеулерді жүзеге асыру үшін заманауи клиникалық-зертханалық база бар, компьютерлермен және заманауи телекоммуникациялық байланыспен (медициналық мәліметтер қорының үл­кен таңдауы және түрлі медицина бө­лімдері бойынша арнайы іздеу мүм­кін­дігі бар ғаламтор жүйесі, электрон­ды пошта, телемедицина) жабдықталған. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жы­лында материалдық-техникалық база айтарлықтай жақсарды, орталық заманауи құрылғымен жабдықталды. Жақ­сы материалдық база науқас балаларды терең кешенді тексеруді, заманауи емдеу әдістерін, жаңа дәрі-дәрмектерді пайдалануды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Орталық­тың 200 орындық жеке клиникасы және 25 клиникалық және парак­линикалық бөлімшелері бар. Клиникада коллагенозды, ревматоидтық артриттерді, қолқа демікпесін, ұзаққа со­зылған пневмонияны, гастритті, це­лиа­кияны, лейкоздарды, апластиялық ане­мияны, гистиоцитозды емдеуде жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі, жаңадан тым шала туыл­ған сәбилерге күтім жасалады, даму­дың туа біткен ақауы бар жаңадан туылған балаларды құтқаруға мүм­кін­дік беретін ақаулар хирургиялық жолмен емделеді, сондай-ақ түрлі күр­делі-соматикалық және хи­рургия­лық патологиясы бар балалар емделеді. Неміс-австриялық BFM то­бының хат­тамасы бойынша бала жас­тағы  өткір лейкоз және басқа да онко­гема­тологиялық ауруларды емдеудің заманауи бағдарламалары енгізілген. ПжБХҒО мамандары ауыр нау­қас­тарға байланысты кеңестер алу үшін Республика облыстарымен бей­некон­фе­­ренц­байланыс сеанста­рын жүр­гізу­ге, сондай-ақ лекциялар мен семи­нарларға қатысады. Педиатрия және бала хи­рургиясы бо­йын­ша тақы­­рыптық жетілдіру циклдары жүр­гізіледі. Денсаулық сақтау министрлігі нор­мативтік-құқық­тық базасына сәй­кес орталық маман­дары аймақ­тарда бала­ларды алдын ала қараудың тоқ­сан сайынғы талдауын жасайды. Баланы алдын ала медицина­лық қараудың (скрининг) статистика­лық картасы жа­салған, сондай-ақ жас категориясы мен мамандардың қа­рауы бойынша өз­герістер енгізілген: 1 жасқа толма­ған балалар. Қазақстан Республи­ка­сы Тә­уелсіздігінің 20 жыл­дығын тойлау қарсаңында  Бала кардио­хирур­гия­сы мен интервен­ция­лық кардиология бөлімшесі, сон­дай-ақ сүйек майының трансплан­тациясы бөлімшесі бар онкогематология орта­лығы үшін 150 орны бар қосымша жаңа ПжБХҒО корпу­сының ашылуы жоспарланып отыр. «Сала­матты Қа­зақстан» мемлекеттік бағ­дарла­ма­сын іске асыру аясында Орта­лықта 2012-2015 жыл­дарға ин­но­­вациялық ме­дициналық технологиялар транс­фертінің  «Жол картасы» жаса­лын­­ған. Орталыққа қыз­мет­керлерді әлемнің озық  клини­кала­рын­да оқыту және әрі қарай ай­мақтарға трансферттеу жолымен енгізу жоспарланған ин­новациялық технологиялар ұсыныл­ған. Тәуел­сіздік жылдарында жыл са­йын бюджеттік мекемелерді қаржы­лан­дыру өсуде, материалдық-техни­калық база айтар­лықтай жақсарды, маман­дар­ды шетелде оқыту, жоғары техноло­гия­ларды енгізу мүмкіндігі туып отыр. Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы еліміздің сәби­леріне жоғары маман­дандырылған медицина­лық көмек көрсетуге дайын, себебі балалар біздің болашағымыз! Сәуле НҮКІШЕВА, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Денсаулық сақтау министрлігі Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығының директоры.