03 Желтоқсан, 2011

Астықты аудан ажары

427 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстанның» арнайы жобасы: Жасампаздық жемістері

Жиырма жылдың ішінде атқарылған игі істердің арқасында әрбір өңіріміз өзгеріп, өміріміз жақсарып келеді. «Егемен Қазақстан» газеті осындай өркенді өзгерістерді бейнелейтін материалдарды тұрақты жариялап тұрады.  

Төменде Ақтөбе облысындағы Әйтеке би ауданынан фоторепортаж беріліп отыр.

Облыстың астықты өңірі болып табылатын Әйтеке би ауданындағы оң өзгерістер тәуелсіз­­дік­тің жемістері, егемендіктің еншілес жеңіс­­тері. Аудан аумағын басып өтетін «Алтынсарин – Хромтау» теміржолының пайдалануға берілуі, республикалық маңызы бар 391 шақырымдық «Ақтөбе – Қостанай», «Самара – Шымкент» ба­ғытындағы тас жолдарының күрделі жөнделуі өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуына серпін берді, екінші тынысын ашты. Осы жолдар­дың бойында көлік-коммуникациялық кешендер іске қосылып, аудан халқының «екі қолға бір кү­рек» кәсіп – табуына алғышарт жасады. Ауыл шаруашылық игілігіндегі 263,9 мың гектар жер алқабы ірі қара, қой, жылқы шаруа­шы­лығын дамытуға толық мүмкіндік береді. Егіс алқабы ең құнарлы 180 мың гектар жерді алып жатыр. Өндірілген ауыл шаруашылық өнімдері аудан халқын толық қамтамасыз етіп қана қоймайды, экспортқа да шығарылады. Әйтеке би өңірінде ақ мәрмәр, гранит, никель-кобальттық жез, мыс, коалин сазы және басқа да пайдалы қазбалардың бай қоры бар. Алайда, осы кен орындарын игеруге тәуелсіз­дік­тің арқасында ғана қол жетті. Бірыңғай ауыл шаруашылықты аудан болып келген өңірде қазір бірнеше инвестициялық жобалар жүзеге асыры­лып, жаңа өндіріс орындары ашылуда. Ауданда бүгінгі күнге «Текше тас» ЖШС-де жылына 700 000 тонна жол төсеніштері мен құрылыс мате­­­риалдары өндіріледі. Бенқала жез кенін игеруші «KazCopper» ЖШС-де бүгінде ауыспалы жұмыс кестесімен 150 адам, оның ішінде 50 жергілікті тұрғын еңбек етеді. Аталған кен орны бойынша жердің беткі қабаты аршылып, жездің мол қо­рына жетті, қондырғыларды құрастыру жұ­мыс­та­­рының 85 пайызы орындалды. Оған қоса жезді ұсақтау, сығындау, электролиздеу мен та­сымалдау цехтарын орнату және темір жол арқылы жүктерді қабылдап-жөнелту термина­лын салу жұмыстары аяқталып келді. «Vertix холдинг» компаниясы 500 тонна темір кенін шығарып, кен орны бойынша барлау жұмыс­та­рын жүргізуде. Облыстағы ең ірі ауданның аумағында орна­ласқан 15 селолық округтегі 32 елді мекенде 25 509 адам тұрады. Аудан аумағындағы 30 денсау­лық сақтау мекемесі соларға медициналық қыз­мет көрсетеді. Мұнда 32 мектепте 4 901 оқушы білім алса, 15 балабақшада 880 бүлдіршін және 19 шағын балалар орталықтарында 728 бүлдір­шін тәрбиеленуде. Соңғы үш жылда ғана 6 мектеп пайдалануға берілді. Сонымен бірге, кәсіптік лицей, саз мектебі және жасөспірімдерге арнал­ған спорт мектебі жұмыс істейді. Аудан бойын­ша 3 стадион мен 15 спорт залы бар. Мәдениет саласында 23 кітапхана, 16 мәдениет үйі, 2 мұражай, барлығы 41 мекеме халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Комсомол селосында орталық мешіттің құрылысы басталды. Үстіміздегі жылғы он айда ғана 637 жаңа жұмыс орны ашылды. 2009 жылы 23 аз қам­тыл­ған отбасы болса, биыл олардың саны 11-ге дейін кеміді. Бюджеттік түсім жаспары ағымдағы жылдың 10 айында 114,3 пайыз орындалды. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 209,3(2010 жылы 205 млн.) млн. теңгеге жетіп, 2 пайызға артты. Ауыл­ шаруашылық өнімдерін өндіру де артты. Осы кезеңде 570 тонна ұн, 150 тонна нан, 79 тонна макарон өнімдері және 92 тонна жарма өндіріліп, барлық көрсеткіштер бойынша 2010 жылмен салыстырғанда 0,5-2 пайыз өсім болды. Ауылшаруашылығы бойынша жалпы өнім құны 9 643 млн. теңгені құрап, өткен жылмен са­лыстырғанда 2 109,7 млн. теңгеге, яғни 28 пай­ызға артты. Биыл егіс салынған 167 886 гектардан 125 332 тонна астық алынды Мал шаруа­шы­лығында да ілгерілеу бар. Осы кезеңде ірі қара – 1,7, қой-ешкі – 2,1, жылқы – 1, құстың барлық түрі 2,3 пайызға өсті. 2011 жылдың он айында 8 116,4 тонна ет, 25 900 тонна сүт, 112,6 тонна жүн және 5 550 мың дана жұмыртқа сатылды. 812 нысанда 6 474 адам шағын кәсіпкерлікпен айналысады. Өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 4 802 млн. теңгені құраса, 118,5 млн. теңге бюджетті толықтырды. Он ай ішінде жұмыспен қамту орталығында 637 адам тіркелсе, соншама адам жұмысқа ор­на­ластырылды, сонымен бірге қоғамдық ақылы жұмысқа 123 адам, әлеуметтік салаға 77 адам тартылды. Ауданда жұмыссыздық жоқ десе де болғандай. Экономиканың егіз саласы – өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын қарқынды дамытып отыр­ған аудан Тәуелсіздіктің 20 жылдығына толым­ды тартулармен келді. Ауылдарда ауыз су мәсе­лесін шешуде, тұрғын үй салуда, ауылдарға ба­ратын жолдарды қалпына келтіруде, әлеумет­тік-мәдени сала мекемелерін күрделі жөндеуде бірқатар ілгерілеушілік бар. Сондықтан да ха­лықтың тұрмысы бақуатты, еңсесі биік. Басқа өңірлермен салыс­тыр­ғанда, өмір сүруге қолай­лы­лық ауданға басқа жерлерден қоныс аударушылар қатарын көбейтіп отыр. Бірлігі берік, ұйым­шыл­дығы мықты әйте­ке­биліктердің тәуелсіздік шуа­ғы­мен шырайланған тыныс-тіршілігі кісі қызық­қан­дай. Өңірдегі ер­тең­­гі күнге жасалып жатқан сәтті қадамдар бұл бағыттың баяндылығына сендіре түседі. Арнайы бетті ұйымдастырған «Егемен Қазақстанның» Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі Сатыбалды СӘУІРБАЙ.