Қазақстан • 15 Маусым, 2018

Алматыда Тоталь Энерджи Жазғы мектебі аяқталды

317 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда Тоталь Энерджи Жазғы мектебінің жұмысы мәреге жетті. Мектеп әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Гео-энергетика» ғылыми зерттеу орталығының базасында ұйымдастырылған

Алматыда Тоталь Энерджи Жазғы мектебі аяқталды

Студенттердің теориялық білімі мен тәжірибесін ұштастырып, әрі Қазақстан мен Францияның білім саласындағы халықаралық ынтымақтастығын ұластыруды көздеген мектеп жұмысы айтарлықтай нәтижелі.

Ал дәрістерді Тоталь компаниясының сарапшылары кәсіби сараптама жүргізу және тәжірибеден алынған нақты мысалдарды зерттеу негізінде дайындаған.

– Толайым «Тоталь» компаниясының бастамасы болып табылатын бұл жазғы мектеп алғаш рет өткізілді. «Тоталь» – жас таланттарды қолдау мен жергілікті кадрларды дамыту жөнінде міндеттемесі бар, Қазақстанда 25 жыл бойы қызмет етіп келе жатқан мұнай-газ компаниясы. Сондықтан ынтымақтастықты ең беделді жоғарғы оқу орындарының бірі – ҚазҰУ-дегі «Гео-энергетика» орталығымен бастауды жөн көрдік. Жазғы мектеп жыл сайын ұйымдастырылады деп жоспарлап отырмыз, сондай-ақ, оны Алматыда ғана емес, сонымен бірге, бүкіл Қазақстанның студенттері оған қатыса алуы үшін Астанада және басқа да қалаларда өткізгіміз келеді, – деді Қазақстандағы Тоталь концернінің басшысы Паскаль Бреан.

Қазірдің өзінде мектепте ҚазҰУ студенттері ғана емес, сонымен бірге, Политехникалық университеттің, Заң университетінің, Каспий университетінің, ҚБТУ студенттері оқып үлгерді. Жазғы мектептің бағдарламасы мұнай кен орындарын игеру және пайдалану, мұнайды тасымалдау мәселелерін ғана емес, сонымен бірге, халықаралық құқықтың толықтырмалылығы, менеджмент, халықаралық қатынастар сынды елдің дамуына жәрдемдесіп, шетелдік компанияларға Қазақстанда жұмыс жасауға мүмкіндік беретін гуманитарлық мәселелерді қамтитындай етіп дайындалған.

11-15 маусым күндері аралығында өкен Тоталь Энерджи Жазғы мектебі энергетика саласындағы пәндерді оқитын бакалаврлар-студенттерге және магистранттарға арналған.

Дайындаған

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

 АЛМАТЫ