"Бұл сәттің маңызын толық түсінеміз, сондықтан Qazkom клиенттері тек жақсы өзгерістер көруіне күш салып жатырмыз. Қос банктің командалары операциялардың Халық банкінде шоғырландыруда бірнеше ай еңбектеніп жатыр. Халық банкі Qazkom клиенттері мен контрагенттері алдындағы барлық жауапкершілікті өз мойнына алады. Клиенттер есебі өткізілгеннен кейін Qazkom-ға банктік лицензия қажет емес. Сондықтан оны өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл активтер біріккеннен кейін болады, оған дейін Qazkom жұмысын қалыпты тәртіпте жалғастырады" - дейді Үміт Шаяхметова.
2018 жылдың 14 маусымындағы Qazkom акционерлерінің кезектін тыс жиналысында лицензияны Халық банкіне ерікті түрде тапсыру туралы шешім қабылданды. Мұның алдында ҚР Ұлттық банкінен Qazkom-ды ерікті түрде Халық банкіне қосу туралы рұқсат алынған. "Qazkom барлық мүдделі тұлғаларға банк қызметі өткізу актісіне қол қойылғанша қалыпты жұмыс істейтінін хабарлауды керек деп тапты. Осы уақыттан кейін Qazkom банкінің барлық құқықтары мен міндеттері Халық банкіне өткізеді.
Halyk Bank белгілі уақытқа "Казкоммерцбанк / Qazkom" брендін сақтай отырып, банк клиентері мен серіктестеріне қалыпты режимде қызмет көрсетеді", - деп атап өтті баспасөз қызметінің өкілдері. 2018 жылдың 20 сәуірінде екі банк акционерлерінің біріккен жиналысында Халық банкіне қосылу туралы шешім қабылданған.