Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз жел Ақмола, Павлодар және Қарағанды облысында да күшейеді. Мұнда тіпті 15-20м/с жылдамдықпен жел соғып, оның соңы бұршаққа ұласуы да ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метр жылдамдықты құрайды. Бұршақ жаууы ықтимал.
Маңғыстау, Қызылорда, сондай-ақ Атырау Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі туындайды. Атырау облысының басым бөлігінде аптап ыстық болады.