Қазақстан • 17 Маусым, 2018

«Нұр Отан» партиясының НR-қызметкерлері жаңа жүйені игеруде 

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ағымдағы жылдың 11-14 маусымында «Нұр Отан» партия орталық аппаратының және аймақтық филиалдардың НR-қызметкерлеріне «Аssessment center» заманауи технологиясы бойынша персоналды бағалауды оқып-үйренуге бірегей мүмкіндік берілді. 

«Нұр Отан» партиясының НR-қызметкерлері жаңа жүйені игеруде 

Семинарды Біліктілікті бағалау және модельдеу саласының әлемдік көшбасшысы – SHL компаниясында қызмет атқарған, PDP (Performance Development Partners) консалтинг бағдарламасының директоры, «Адами ресурстарды стратегиялық басқару» МВА-бағдарламасының ғылыми жетекшісі Елена Барышникова өткізді.

«Аssessment center» - бұл жұмыстарды табысты орындауға қажетті сапаларға ие қатысушыларды анықтауға арналған арнайы жинақталған білімдер кешенінен тұратын арнайы әзірленген рәсім. Ассессмент-орталық жұмыс істейтін қызметкерлердің іскери және кәсіптік құзіреттерін бағалауға мүмкіндік береді. 

Оқу барысында партиялық кадрларға қажетті біліктіліктерді (қоғамға қызмет етуді ынталандыру, нәтижеге бағдар, әлеуметтік жауапкершілік) анықтауға ерекше көңіл бөлінді.