Қазақстан • 17 Маусым, 2018

«ҚТЖ»  ҰҚ  қайтыс болған жолаушының отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтты

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рельстен шығып кеткен «Астана – Алматы» пойызының жолаушылары Шу станциясына жеткізілді, деп хабарлайды "ҚТЖ" ҰҚ.

«ҚТЖ»  ҰҚ  қайтыс болған жолаушының отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтты

Пойызда 829 адам болған. Апат салдарынан 1 адам қайтыс болып, 3 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Басқа жолаушылар Шу станциясына жеткізіліп, мұқтаж адамадарға медициналық және психолгиялық көмек көрсетіліп, ыстық тамақ берілді. Қазір оларды негізігі діттеген жерлеріне жеткізу жөнінде жұмыстар атқарылуда. 

«ҚТЖ»  ҰҚ  қайтыс болған жолаушының отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады және жарақат алған жолаушылардың тезірек жазылуын тілейді. ҚР Заңнамасына сәйкес барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілетін болады. Аталған жағдайдың зардабын жою үшін Шу, Сарышаған станцияларынан шыққан жолды қалыпқа келтіретін арнайы пойыздар жұмыс атқаруда.

Инвестиция және даму министрлігі Транспорт комитетінің жанынан құрылған арнайы комиссия  тексеру жұмыстарын аяқтаған соң апаттың нақты себебін жариялайтын болады.