Семинарға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстанның заң шығару органдарының өкілдері қатысты. Семинар аясында сыртқы саясат, аймақ мемлекеттерінің өзара іс-қимылдары, мемлекеттік басқаруды жаңғырту, сауда-экономикалық қатынастар мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Циндао және Сиань қалаларында жергілікті өкілді органдардың депутаттарымен кездесті, сондай-ақ Бейжіңдегі, Шаньдун және Шэньси провинцияларындағы бірқатар индустриялық, агроөнеркәсіптік және білім беру мекемелерінде болды.