Аймақтар • 12 Шілде, 2018

Ақтауда радиациялық апат құрбандарына арналған естелік стела ашылды

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда Чернобыль апаты мен басқа да радиациялық апат құрбандарын еске алуға арналған стела ашылды. Салтанатты жиынға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Тимощенко, Қазақстандағы Украина істеріндегі уақытша сенімді өкілі Владимир Джиджора, Чернобыльдіктер республикалық және аймақтық қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары мен төраға орынбасарлары қатысты.

Ақтауда радиациялық апат құрбандарына арналған естелік стела ашылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Чернобыль апаты бүкіл әлемді атомды бейбіт мақсатта пайдаланудағы қауіпсіздік мәселесімен шындап айналысуға мәжбүр еткен әрекеттің бастауына айналды және бұл сынақтардың салдарлары әлі де ұзақ уақыт сезіледі» деген болатын. Адамзатқа қауіп төндірген апат мыңдаған жаның жүрегін әлі де сыздатып келеді. Семей ядролық сынақ полигоны әлемдегі ең үлкен полигон. Жарты ғасырға жуық уақыт бойы онда 456 ядролық жарылыс жасалды, оның әрекет ету жиынтығы 116 Чернобыльге тең саналады.

Шара барысында қасиетті Маңғыстау жерінде бой көтерген естелік стелаға Чернобыль топырағы салынды. Жиналғандар радиациялық апат құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы