Аймақтар • 12 Шілде, 2018

Ақтөбеде аквасаябақ ашылды

84 реткөрсетілді

Көрген де арманда, көрмеген де арманда дегендей, Ақтөбеде ашылған аквасаябақ оған келушілерді таң-тамаша қалдырып отыр. Жас талғамайтын, үлкен-кіші деп бөлмейтін, айырықша демалыс орны қаланың қақ орталығынан орын тепкен.

Оның жалпы аумағы  3 гектардан асып түседі. Мұндағы төбешігі бар бассейндер мен сулы аттракциондар оның аквасаябақ ретіндегі орны мен мәртебесін биіктете түседі. Дәл осы бағыттағы балалар аймағы бөлек орналасқан.

Ақтөбеде ашылған айырықша аквасаябаққа демалуға келушілерге барлық жағдайлар жасалған. Мұнда күн сайын мыңнан астам адам тыныға алады. Бүгінгі күні ерекше нысанның жазғы аймағындағы құрылыстар толығымен аяқталды. Әйтсе де алдағы кезде инвестициялық жобаның екінші кезеңін іске асыру көзделген. Соған сәйкес «TREE OF LITE» құрылыс компаниясы бұл істі бастап та кетті.

Аквасаябаққа келіп демалу ақылы түрде жүргізіледі. Әйтсе де «Бақытты бала» өңірлік жобасы аясында мұнда аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына тегін қыдырып, дем алу үшін сертификаттар берілген. Жобаға салынған инвестицияның жалпы мөлшері 5,8 миллиард тенге құрайды.

Темір Құсайын,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар