Көрермендер «Көшпенділердің алтын дәуірі» деген театрландырылған қойылымды тамашалады. Сондай-ақ рәсім қырғыздың байырғы ұлттық ән-күйлерімен қосталды.
Рәсімге Венгриядан келген қадірлі мейман Виктор Орбан қатысып отырды.
Этноқалашықта «Келін алу», «Тұсау кесу» сияқты түркі халықтарының дәстүрлі салттық жоралғылары көрсетіліп, қолөнер, қырғыз киіз үйінің көркемделуі, көшпенділердің тамақ-астары, киімдері бойынша сынақтар өткеріледі және шабандоздардың ойындары, т.т. ұлттық іс-шаралар болмақшы.
Назарбек БАЙЖІГІТОВ,
журналист, арнайы «Егемен Қазақстан» үшін
Қырғыз Республикасы,
Шолпан-Ата қаласы