Бұл шара біз үшін өте маңызды. Себебі, біз балалар мен ата-аналардың басын қосып, оларға қуаныш сыйлаймыз. Оның үстіне, бұл шара мереке күндері қарсаныңда өткізіліп отыр. Қала тұрғындары мен жарысқа қатысушыларды біз алдағы уақытта да қуанта бермекпіз. Аталмыш бағдарлама 2020 жылға дейін жалғасады», – дейді жобаның атқарушы директоры Алла Жұмақанова.
Бәсекелер бірнеше спорт түрінен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің спорт кешенінде өткізілді. Балалардың қуанышымен бөлісіп, жарысқа белсенді атсалысқан ата-аналар өз күштерін «Біз мықтымыз» атты эстафетада сынады.
Біз өз балаларымызға қолдау көрсету мақсатындща Жетісу ауданынан арнайы келдік. Осындай шарарлар жиі ұйымдастырылып тұрса, тіптен тамаша болар еді. Спорт – денсаулықты нығайтады, сондықтан, осындай игі бастаманы қолға алған қала әкімдігіне зор алғысымызды білдіреміз. Бұл жоба халық өте қажет, – дейді жарысқа қатысушы балалардын ата-аналарыНұргұлан Абдраманов, Нүркен Құлдыбаев және Жібек Тұрлыбекова.
Финалдық сайыстар дартс, үстел теннисі, футбол, 60 метрге жүгіру, эстафета, ұзындыққа секіру, воркаут, волейбол, стритбол, скиппинг және бадминтон сынды спорт түрлері бойынша өтті. Жарыс қорытындысы бойынша «Чемпиондар лигасының» жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль, кубок, мақтау қағазы және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ