Спорт • 11 Желтоқсан, 2018

Құрама қоржынында жалғыз жүлде

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде шорт-тректен Әлем кубогы­ның кезеңдік сайысы аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы бір медаль­ға иелік етті.

Құрама қоржынында жалғыз жүлде

Айтулы бәсекеде әлемнің 18 мемлеке­тінен келген 150 спортшы бақ сынады. Олардың арасында Олимпия ойындары, әлем чемпиона­ты және басқа да аса ірі халықаралық додаларда сан мәрте жеңіс тұғырына көтерілген саңлақтар да болды. Сондай мықтылармен үзеңгі қағыстырған Абзал Әжіғалиев 500 метрлік сайыста қола медальды иеленді. Қан­да­сымыз тек Олимпиада және бірнеше әлем чемпионы деген дардай атақтары бар канадалық Самуэль Жирар мен венгриялық Шаоанг Люден ғана қалып қойды. 

Өкінішке қарай, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Ерке­бұ­лан Шамұханов, Әділ Ғалиахметов, Анас­­та­сия Крестова, Ольга Тихонова, Ким Йонг А, Әсел Тайшыманова, Анита На­гай және Яна Хан сынды жерлестеріміз жүл­дегерлер санатына қосыла алмады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»