Өнер • 04 Қаңтар, 2019

«Құдалар» күлкіге қарық қылады

1735 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Заманауи қазақ киноөндірісі сан жағынан ғана емес, сапалық мазмұн тұрғысынан жыл сайын толығып, үсті-үстіне жаңарып келеді. Осы ретте мейрам кезінде кинотеатрлар комедия жанрындағы бірнеше отандық фильмді көрермен назарына ұсынды.

«Құдалар» күлкіге қарық қылады

Соңғы жылдары сапалы­­ жобаларымен көзге түсіп жүр­­ген «Nurtas prodactioun» сту­дия­сы жаңажылдық тарту ретінде «Құдалар» атты жа­ңа комедиясын ұсынады. Фильм­де шымкенттік жігіт пен алматылық арудың ға­шық­­тық хикаясы мен бірден тіл табыса алмаған жаңа құда­лардың ара­сындағы кикілжің баяндалады.

«Бұл менің кинодағы дебю­­тім, сондықтан қатты уайым­да­дым. Түсірілім тобы өте ұйым­шыл болып шықты. 18 рет дубль түсірген қиын сах­на­лар да болды», – дейді бас кейіпкер Даниярдың рөлін сом­даған Олжас Рымбаев. Сон­дай-ақ таспадағы Диа­наны – Динара Бақтыбаева, қалалық құдаларды – Нұртас Адамбай мен Жан Ізбасар, ауылдан келген құдаларды – Райхан Калиолдина, Дархан Дайырбек сомдады.

Африканың Кения мем­ле­кетінде және Біріккен Араб Әмір­ліктерінің Дубай қаласында түсірілген «Қазақ­ша бизнес» се­рия­лы фильмі Африкада түсі­рілген алғашқы қазақ кинотуындысы ретінде тарихта қалатын сыңайлы. Фильм продюсері Нұрлан Қоян­баев көрермендерді күл­кіге кенелтіп, алғысын алу үшін аянып қалмадық дей­ді. Айтуынша, түсірілім бюд­же­тіне бас-аяғы 500 мың АҚШ доллары жұмсалған. Ал актер­лер құрамында және кино маз­мұнында айтарлықтай өзгеріс жоқ. «Алдағы уақыт­тағы мақса­тымыз – қазақ ки­носының еңсесін көтеріп, әлемдік кино әлеміндегі алпауыттармен иық тіресіп, отан­дық кинематографияны Гол­ливуд деңгейіне жеткізу», деген Нұрлан Қоянбаев ки­но өнд­ірісіндегі ізденісін қарқын­ды жалғастыра түсетінін бай­қатты.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50