Спорт • 17 Қаңтар, 2019

Трансферлік құны ең жоғары ойыншылар көшін Неймар бастап тұр

714 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KPMG аудиторлық компаниясы «Football Benchmark» жобасы аясында әлемдегі трансферлік құны ең жоғары ойыншылардың рейтингін жариялады. 

Трансферлік құны ең жоғары ойыншылар көшін Неймар бастап тұр

Үздіктер көшін «Пари Сен-Жермен» клубының сапындағы бразилиялық легионер Неймар бастап тұр. Бүгінгі таңда 26 жастағы шабуылшы 229 миллион евроға бағаланып отыр. Айтулы клубтың жас перісі Килиан Мбаппе екінші орынға жайғасты. 20 жастағы Франция құрамасы ойыншысының трансферлік құны 215 миллионды құрайды. Үздік үштікті «Барселонаның» беткеұстары Лионель Месси қорытындылап отыр. Аргентина жұлдызының құны 203,3 миллион евро. Сондай-ақ, «ТОП-10» футболшының қатарына мындалар енді:

Мұхамед Салах («Ливерпуль») – 168 миллион,

Харри Кейн («Тоттенхэм») – 151 миллион,

Эден Азар («Челси») – 148 миллион,

Кевин де Брюйне («Манчестер Сити») – 129 миллион,

Антуан Гризманн («Атлетико» Мадрид) – 126 миллион,

Поль Погба («Манчестер Юнайтед») – 119 миллион,

Филиппе Коутиньо («Барселона») – 118 миллион.

Ал бірер жыл бойы әлемдегі трансферлік құны ең жоғары ойыншылардың көшін бастаған Криштиану Роналду бұл жолы үздік ондықтың қатарына іліге алмады. Бұл күндері «Ювентустың» намысын қорғап жүрген португалиялық сұрмерген 107 миллионға бағаланып, 12 орында қалып қойды.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»