17 Қаңтар, 2019

Дзюдошылардың келесі оқу-жаттығу жиыны Жапонияда өтеді

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы бір апта бойы Ташкентте болып, Ресей, Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанның балуандарымен бірге бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Дзюдошылардың келесі оқу-жаттығу жиыны Жапонияда өтеді

Өзбекстанның астанасында өткен жиында түрлі мемлекеттерден келген 500-ге жуық дзюдо шеберлері қатысты. Олардың дені – жергілікті өрендер. Сонымен қоса, Ресей өзінің үш командасын алып келді. Қазақстанның белді балуандары арасынан тек әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжанов пен Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамза ғана Ташкентке бара алған жоқ. Олар елде қалып, ескі жарақаттарын емдетуде. Есесіне жастар құрамасы сапындағы тағы 10 спортшыны осы сынақтан өткіздік дейді ұлттық командамыздың бас бапкері Айдын Смағұлов.

Қазіргі кезде отандық дзюдошылар Жапонияда өтетін оқу-жаттығу жиынына қамдануда. Одан кейін Олимпия ойындарына қатысу үшін ұпай берілетін рейтингтік турнирлер басталады. Алғашқы сынақ Парижде өтеді. Қазақстанның балуандары да сол Grand Slam турниріне қатысуды көздеп отыр.      

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»