13 Ақпан, 2019

Басым бағыттар атап көрсетілген

309 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Басым бағыттар атап көрсетілген

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауы өз кезегінде ел дамуына ерекше серпін береді. Осы орайда, Президенттің 2018 жылдың 5 қазанында жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында қамтылған мәселелерге аз-кем тоқталып өтсек. 

Қазақстандағы қазіргі жағдайдың нақты көрінісін білу үшін Президенттің Жолдауына зер салу қажет. Өйткені онда қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатысты мәліметтерді кездестіруге болады. Онда елдің табыстары да, проблемалары да анық аңғарылады. Сондай-ақ мемлекетті саяси-экономикалық тұрғыда дамыту, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру және тағы да өзге маңызды мәселелерді шешудің нақты жолдары қарастырылған.

Аймақтық және әлемдік проблемаларды шешуде тәжірибесі мол, өзінің жауапкершілігін терең түсінетін, халықаралық қоғамдастықтың сенімді серіктесі Қазақстанның бүгінгі қол жеткізген табыстарына ешкім күдікпен қарай алмайды.

Он сегіз миллионнан астам халқы бар Қазақстанның бүгінгі даму қарқыны елдің сыртқы саясаттағы жетістіктерімен тікелей байланысты.
Қазақстан халқының өмір сапасының жақсаруының нақты дәлелі ретінде орташа өмір сүру ұзақтығының 72,5 жасқа дейін көтерілгенін айтуға болады.

Соңғы 20 жылда Қазақстан экономикасына тартылған 300 миллиард долларға жуық тікелей шетелдік инвестицияның ел дамуына ерекше серпін бергенін атап көрсеткім келеді.

Мемлекеттегі орта және шағын бизнестің дамуы тұрақты экономикалық өркендеудің нақты өлшемі болып табылады. Бүкіләлемдік банктің бизнес рейтингісінде Қазақстан 190 елдің ішінде 28-орынды иемденуі кездейсоқтық емес.

Жоғарыда көрсетілген жетістіктер ішкі және сыртқы саясат пен экономикалық тұрғыдағы игі істерді жалғастыра түсуге, түйткілді мәселелерді оңтайлы шешудің нақты қадамдарын белгілеуге негіз болып саналады. 

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында көзделген саясаттың негізі Қазақстанның сыртқы қауіп-қатерлерді ескере отырып, оған уақтылы әрі лайықты жауап қайтаруымен байланысты. Бұл өз кезегінде ішкі проблемаларды да тиімді шешуге жол ашады.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өзекті проблемаларды шешуге, еңсеруге бағытталған нақты ұсыныстарын жариялағанда мемлекет пен сыртқы әлемдегі үдерістердің өзара байланысын басты назарда ұстайды. Саяси қағидалардың, жаһандық қауіпсіздік жүйесі мен халықаралық сауда тәртібінің өзгеру динамикасы Президент Назарбаев ұсынған экономикалық әл-ауқат, әлеуметтік тұрақтылық пен аймақтық және халықаралық субъектілермен икемді қарым-қатынастарды қалыптастыру бағытына сәйкес келеді. 

Президент Жолдауында қоғамдық өмірдің барлық бағытындағы, соның ішінде білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы проблемаларды еңсеру бойынша ұсынылған шаралар әрбір халықтың басымдық беретін қадамдары болып табылады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу және сот жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша нақты шаралар ұсынылады.

Бұдан басқа, Қазақстанның сыртқы саясатының басым­дықтары айқын және дәл анықталған. Ресей Федерациясымен қарым-қатынас – мемлекетаралық қатынастардың озық үлгісі саналады. Орталық Азия өңірінде өзара ықпалдастықтың жаңа парағы ашылды. Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен жан-жақты стратегиялық серіктестігі дамып келеді. Астананың Вашингтонмен ХХІ ғасырдағы стратегиялық әріптестікті нығайту үшін қол жеткізген жетістіктері Қазақстанның халықаралық қоғамдастықтың жұмысына кедергісіз араласуына кепілдік беріп отыр.

Астананың аймақ мемлекеттерімен прагматикалық және теңдестірілген саясатына 2018 жылдың 12 тамызында қол қойылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция нақты дәлел бола алады. 

Сирия жөніндегі Астана процесі аталған елдің дағдарыстан шығуы жөнінде тиімді жұмыс жүргізіп жатқан бірден бір келіссөздер форматына айналды.
Қорыта айтқанда, Президент Нұрсұлтан Назарбаев осы Жолдауы арқылы өзінің жүргізіп отырған саясатының елдің тұрақтылығы мен орнықты дамуына, Қазақстанның аймақтық және жаһандық кеңістіктегі орнын нығайта түсуге кепіл болатынын тағы бір рет дәлелдеді.

Нина ДЮЛГЕРОВА,

профессор, халықаралық қатынастар 
саласының маманы (Болгария)

Соңғы жаңалықтар