«Тағы бір проблемалық сұрақ – бұл стационарға келген жергілікті тұрғындардың арызы. Біз бұл арыздардың көпшілігі емханаға оқыс, күтпеген жағдайда түскен қаралушылардан түскенін анықтадық. Қабылдау бөлмесіне каралушыны алып келеді, дәлізде ұзақ уақыт күтіп отырады. Оған ешкім қарамайды. Мәселе анық, бұл туралы ашық айту керек», деді Елжан Біртанов министрліктің кеңейтілген отырысында.
Сондықтан, ведомство басшысы хабарлағандай, өткен жылдан бастап шұғыл көмек көрсетудің жаңа тұжырымдамасы енгізілді. «Мәселенің түп-төркіні - біз науқастарды қабылдау бөлмелерінде бөлімдерге бөлеміз. Сондай - ақ, жақын жердегі стационарға кез келген шұғыл жағдайларда барлық қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік беретін кезек күттірмейтін көмек дәрігері мамандығын енгіземіз», деп атап өтті ол. Сонымен қатар Елжан Біртанов Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінен клиниканың «кезекшілік» туралы бұйрық шығаратын жетекшілерді табуды талап етті.
«Денсаулық сақтау басқармаларының кейбір бастықтарының назарын аударғым келеді. Осы уақытқа дейін бірқатар өңірлерде емдеуге жатқызу тәртібі туралы заңсыз бұйрықтар шығарылды, әр күндері әр түрлі клиникалар кезекшілік етті. Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне осындай заңсыз бұйрықтар анықталған жағдайда тексеру жүргізуді, бұл деректерді Бас прокуратураға беруді тапсырамын», деді ол.
Ол стандарт бойынша шұғыл көмек жақын маңдағы көп бейінді ауруханада, ал қажет болған жағдайда пациентті орналастырғаннан кейін оны әрі қарай емдеу үшін мамандандырылған клиникаға тасымалдау мүмкіндігі бар екенін атап өтті.